Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚММ «Семейлік арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы » мекемесінде «Бақытты жұлдыз Гүлфайруз» атты дәріс оқылды. Маман Мұхамедова Р.С. орталықтың қамқорлығындағы адамдарды ең бірінші әйел-қазақ суретшілерінің бірі болған Гүлфайрус Исмаилованың өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Оның шығармашылық диапазонының сан түрін ашып көрсетті: Г. Исмаилова – театрлық суретші, опера мен балет костюмдары мен декорацияларына эскиздер жазған, «Қыз Жібек» танымал киносына қоюшы-суретші, кескіндемеші, портреттер мен натюрморттар авторы, киноактриса. Дәріс бай видео роликтермен қоса жүрді: үлкен презентация, фильмдерден үзінділер көрсетілді.