Жаңалықтар

Халықаралық әлеуметтік арт-жоба

Бақытты тәрелке

(Қазақстан-Ресей-Нидерланд-Белорусь-Италия-Германия)

Музейде «Бақытты тәрелке» халықаралық әлеуметтік арт-жобаның екінші кезеңі аяқталды.

 

Жоба  кураторы Татьягна Эгмонд  «Ал, кәне бақытты сәттерімізбен бөлісейк!» — деп үндеу  тастаған.  «Өздерініздің  ең бақытты сәттерінізді  еске түсіріп, мына тәрелке бетіне бейнелей отыра, айтып берсеңіздер».

Неге тәрелке? Бұның мәні  — тәрелке планетамыздың пішініне ұқсас дөңгелек. Тәрелкелердің дөңгелек формасы біздің планетаны бейнелейді. Шеңбер, табиғат қолданысындағы тамаша нысан. Әрине, шеңбер –  ерте заманнан бері суретшілер арасында  көбінесе пайдаланатын форма. Тәрелкені әшекейлей отыра адам өзінің сезімдері мен уайымдарын, бейнелерін шеңбер кеңістігіне көшіреді, ол адамдардың  қоршаған ортамен және бір-бірімен бірігуін білдіреді.

«Бақытты тәрелке» жобасы  әлемді  көптен бері шарлап келе жатыр, бірақ Қазақстанға алғаш рет келуі. Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы музей — оның ең бірінші қатысушысы болды. Өздерінің бақытты сәттерімен музей жанындағы балалар көркем студиясының оқушылары  және  отбасылық топтар мен түрлі мектептер мен колледждердің  педагог-суретшілері   бөлісті.

Бақытты тәрелке көрмелері  Ресей, Нидерланд, Италия және Германия елдерінде өтті. Енді оларға қазақстандық жұмыстарда қосылды.