Жақында Абай облысының Невзоровтар отбасы музейінде
жеке көрмесін ашқан алматылық суретші Георгий Макаров
бүкіл көрмені музейге сыйға тартты
Нағыз суретші үшін оның әр туындысы баласы сияқты. Осы туындылар оның жаны мен тіршілігінің мәні. Міне, өзі сүйетін жұмыстарымен қоштасу сәті де келіп жетті. Өзіннің жан-дүниесінің бір бөлігі болған сүйікті картиналарымен қоштасу іс жүзінде онай емес. Бір-екі жұмысты сату немесе сыйға тарту емес, керек қылсаңыз жүз картинамен бірден бөлісу үшін ақыл ойдың күші мен тереңдігі қандай болуы керек! Қуанышпен және сүйіспеншілікпен сыйға тарту!
Міне, осындай суретші бар, тек шебер, кәсіпқой суретші ғана емес, сонымен қатар ерекше адам. Бұл Георгий Станиславович Макаров. Жақында Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде оның жеке көрмесі ашылды, және ол бір картинаны қоспағанда, осы көрменің барлығын музейге сыйға тартты. 112 жұмыс. Керемет, мейірімді, терең және шебер орындалған. Кескіндеме және графика жұмыстары.
Оның әр картинасындағы жүрегінің жылулығы әр көрерменді баурап алады. Оның көзінің тұңғиығында жатқан ой тереңдігін айналасындағылар сезінеді. Оның білімінің ауқымы онымен әңгімелесуді ерекше қызықты етеді, ал ойның ширақтығы оған сұхбаттасушыны әлемге басқаша қарауға мәжбүр ететін қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Міне, жүрегі қуаныш пен мейрімге толы адам біздің музейге көрмеде ұсынылғанның бәрін сыйға тартты!
Әрине, музейде оның суреттері сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы жылы үйге ие болады және музей қызметкерлерін ғана емес, көрермендерді де қуантады. Олар әліде көрмелерге бірнеше рет қойылады, залдардың қабырғаларын бірнеше рет безендіреді, бірақ бұл Алматыда, суретшінің шеберханасында емес, Семейде.
Бұл сыйлық тағы бір маңызды мағынаға ие. Көрме «Парақтар» деп аталады. Мұнда шебердің шығармашылық өмірінің беттері парақталғандай, көптеген түрлі тақырыптар мен ойлар қамтылған. Суретші музейге өз картиналарының көрмесін беріп қана қоймай, өмірінің бір бөлігін осында қалдырды деп айта аламыз. Музей оған бұл үшін өте риза.
Құрметті Георгий Станиславович, шығармашылығыңыз үшін рақмет, сыйлығыңыз үшін рақмет. Сіздің шығармашылық жолыңыз сізді әрқашан жаңа ашылулар мен жаңа образдарға жетелесін, көркем қиялыңыз жаңа, қызықты жұмыстарға толы болсын. Сіздің жұмысыңыз біздің коллекциямыздың інжу-маржандарының бірі болады және біздің барлық келушілерге көптеген жағымды және қызықты сәттер сыйлайтыны сөзсіз!