Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Мохсен Фагани вице-консулы Милад Самет Хейрандишпен бірге 4 тамызда Абай облысының Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейіне барып қайтты.
Музейде қазақстандық, орыс және батысеуропалық өнердің бай коллекциясы бар. Музей директоры Татьяна Александровна Стромская өкілді қонақтарды, музей тарихы мен коллекциясымен таныстырды.
Қонақтар орыс өнерінің залдарын ерекше қызығушылықпен аралап, өз әсерлерімен бөлісті, онда картиналардың көпшілігі мәскеулік коллекционер Юлий Владимирович Невзоровтың отбасының сыйы болып табылады. Қазақстанның бейнелеу өнері экспозициясы орналасқан музейдің бірінші қабаты да қонақтардың жоғары бағасына ие болды.