XIX ғасырдың басындағы француз суретшілерінің офорттар көрмесі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында музейде француз суретшілері мен Александр де Лабордтың аталмыш кітабын суреттеуге арналған «Испанияның тарихи және көркем жерлеріне саяхат» альбомынан офорттар көрмесі ұсынылды. Кітап екі бөлімді қамтитын екі томнан тұрады. Бірінші том 1806 жылы шықты. Сол уақыт кезеңінде офорттар альбомы басылымы жарық көрді. Музей қоры жинағында осы альбомнан Каталонияның сәулет ескерткіштері бейнеленген 21 парақ сақталуда.
Офорт — металл пластина тақтайшалардың үстіңгі бетіне қышқыл жағу арқылы көркем бейне штрихтарын тереңдете түсіре отырып, басып шығару техникасы. Бұл техника XV ғасырда пайда болды, ал XVII ғасырдан бастап ерекше кең таралған. Көбінесе офорттар бірнеше суретшілермен салынады және әрқайсысы өзінің — сурет салу, металл тақтайшаға сурет салу, өңдеу, басып шығару жұмыстары бойынша жауапты болады.
Офортты жасауға қатысқан әрбір суретшінің аты ойып жазылған. Музей жинағындағы офорттар Лижье, Мулинье, Шарль Персье суретшілермен, Декувовиле, Бенуа, Легран және басқалармен оймышталған. Александр де Лаборд «Испанияның тарихи және көркем жерлеріне саяхат» кітабының, сондай-ақ бірнеше суреттердің авторы болып табылады.
Александр де Лаборд — саяхатшы, антиквар, суретші және саясаткер. Ол Еуропа елі бойынша көп сапарға барған, бірақ барлық елдер арасында Испания оған ең терең әсер қалдырған. Александр де Лаборд осы елге екі маңызды тарихи еңбегін арнаған — «Испания маршруттарының сипаттамасы» және «Испанияның тарихи және көркем жерлеріне саяхат». Соңғы кітапта ол 900 сәулет ескерткіштерін сипаттап, суреттеген.
Көрмеде ұсынылған офорттар Лабордтың өзінің сипаттамасымен беріліп отыр. Бұл Испанияның сұлулығы мен көне архитектурасына тамсана отырып, сол елге ойша саяхат жасау.