Шара ұйымдастырушылары ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Невзоровтар отбасы атындағы мұражай, Қазақстан Суретшілер Одағының Павлодарлық бөлімі. Көрме аймақаралық облыстардың ықпалдасу бағдарламасы шеңберінде өтеді. Көрме бір айға созылады.
Бірінші рет біздің көршілеріміз Семей шаһарында толық құраммен ұсынылуда. Олар Көркем Академиясының академиктері П.Лысенко, О. Шоранов, А. Игембаев, Г. Қаржасов, В. Приходько, Қазақстан Суретшілер Одағының Павлодар бөлімінің мүшелері. Олардың ізбасарлары СО құрамына кірмеген, бірақ-та көркемсурет ортасында танымал жас суретшілерде қатысып отыр.
Көрмеде ұсынылатын туындылардың кең ауқымы өнердің қазіргі жағдайымен және біздің көршілеріміздің шығармашылық әлеутін байқауға мүмкіндік туғызады. Екі залда 60 өнер қылқаламының шығармалары көрмеге қойылған.
Станокты кескіндеме – өнер ханымы. Осы өнер түрінде орындалған шығармалар стилистикалық шешімнің көптүрлілігімен және түсті реңнің байлығымен таңқалдырады. Ең аға буын суретшілердің бірі Павел Лысенко. «Күз» жұмысында үйлесімдіктің жақындығын және қарама-қарсы түстердін кереғарлығымен жазылған ұқсас түстер реңінің байлығын байқайсыздар, ал фактура мен серпінді бояу түсіру түрі философиялық ойлармен және нәзік мұңға бөлейді.
Өз елінің тағдырымен толғанған Ануар Игембаев туған жердін ежелгі тарихына қатысты монохромды, алтын түсті гаммада көпфигуралы композиция құрайды. Суретші және музыкант Ғалым Қаржасовтың әсем форма нышан дәрежесіне көтерген домбыраның күмбірлеген қоныр әуені басты адамгершіліктің, мәңгіліктің ақиқаты – махаббат пен нәзіктік, жақындар туралы қамқорлық, қарапайым адам бақыты туралы баяндайды. Валерий Приходьконың қызықты әлемі қашанда шығармашылық қиялымен таңқалдырады және де зерделі көрермен үшін өмір философиясын ашады.
Үшінші мыңжылдыққа аяқ басқан адамзат өз бастауына жиі көңіл бөледі. Сондықтаң, Андрей Оразбаевтың көркемсурет әлемі қарапайымдылығымен түсінікті, бұнда Ежелгі аңыздар бізге жақын да таныс болып көрінеді.
Картинаның алтын кеністігімен және композицияның тұрақтылығы арқасында Осербай Шурановтың әйелдер бейнесі ұлттық әсемділік, аналық, нәзіктіктің баламасы болады. Оқиғамен және уақыт ағымында замандастар бейнесін бейнелеуге қала тұрғындарының бетіне үңілген Майса Икласова, Галина Беспалова, Татьяна Чевтаевалар.
Табиғат әлемі – суретші үшін бейнелер ресурсының байлығы. Көрмеге Анжела Бамбуляк, Рыспек Стыбай, Тұрар Түлеев, Гүлназ Алданазарова, Валерий Шпиев, Нұрлан Дауренбеков, Карасай Нуркенов, Жасыбай Қабылдинов өздерінің пейзаждарын ұсынды, олардың өзіндік әдістерімен және өз танымдары бар.
Павлодар суретшілерінің жас буындарының кең диапазонды шығармашылық ұмтылыстарына 21 ғасырдағы шапшаң өмір ағымымен және ырғағына сәйкес жаңа тәсілдер ізденістері, соңымен қатар дәстүрлерді сақтауға тиынақтылығы деп сипат беруге болады. Көрермен Михаил Терехинмен бірге уақыт ырғағын сезініп, өнер шығармасын жасаудың қиын барысымен бөлісе алады. Анар Аубакирдің есімі Семей қаласында өткен көшпелі «АРТ Сапар» жобасы бойынша қала тұрғындарына таныс. Көрермен пікіріне суретші ХХ ғасыр дирижері және композитор-жаңашыл, Морис Равельдің әуені тақырыбына монохромды композициялар ұсынды. Виктор Поликарпов – орыс және кенес мектебінің графикалық шеберлік құпиясын сақтағандардың бірі. В. Поликарпов офорттардың жарты бөлігін өмірі жарқын және қысқа болған, өзінің жерлесі және белгілі ақын Павел Васильевке арнаған. Офорттық бетті жасау, еңбекті көп талап ететін жұмыс барысы металл тақтасы бетінде суретті штихельмен кесу суретшінің шығармашылық ойы мен қолдың нақты қимылдарын, химиялық реакциямен тақтай бетіне ою түсіру шебердең ерекше күш-жігермен және асқан шеберлікті талап етеді.
Қолданбалы өнері Алтын Хванның батик техникасымен және Алексей Балиннің керамика композицияларымен ұсынылады. Ежелдең ер адамдарға тән зергерлік әшекейлер жасау аймағын павлодар суретшілері Ольга Ловина мен Яна Алеева аса жетістікпен игеріп жатыр.
Біздің қала тұрғындары үшін мерекеге әсем сыйлық ретінде суретші және дизайнер, бірнеше халықаралық сайыстардың қатысушысы Галина Беспаловадаң жазғы «Жібек жолы» әйелдер киімі сәнді үлгісінің көрсетілімі қойылды. Санкт-Петербургте өткен «Преображение-праздник весны» Халықаралық конкурсында көрсетілген коллекция авторы, I-ші дәрежелі дипломмен марапатталған.
Біз аса қуанышпен барлық келушілерді өнер әлемімен танысуға және жаңа көңіл-күйге бөленуге шақырамыз. Көңілдегі әңгеме айтылады деген ойдамыз. С.Киляоглова