«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жас ұрпақты әлемдік мәдени мұраға баулуды тереңдетуге шақырады.
Невзоровтар музейі Латиф Хамиди атындағы №1 балалар музыка мектебімен көп жылдар бойы бірлесе қызмет етіп келеді. Бүгін де наурыз мерекесіне қарсы музейде «Көктемгі променад. Өнер диалогы» атты концерт-дәріс өтті. Педагог Динара Рашидовна Насырованың тәрбиеленушілері музейдің көне роялінде музыкалық шығармаларды ойнап, тыңдаушыларды қуантты. Орындаушылардың арасында жас таланттар да болды: Қарақат Еркешова және Кәмшат Мейрамбекова, Алуа Байзакова және Махаббат Ибрайханова. Қатысушылардың арасында белгілі бір белестерді бағындырғандар да бар. Ол Раббина Узыханова. Алматыдағы «Piano Fest Almaty» ІІ халықаралық сайысында жақсы орындап, ІІ орынға ие болған.
Балалар музыкалық мектебімен болатын бұндай кездесулер ерекше: жылы, мейірімді, жайлы. Бах, Бетховен, Моцарт, Чайковский және өзгеде композиторлардың ұлы музыкаларымен қоса, аттас балет видеолары мен табиғат өмірінен кинонобайлары және музей қорындағы кескіндеме мен графика шығармалары көрсетілді. Бұның барлығын біртұтас тамашалағанда табиғат, өнер және адам өмірінің үндестігін сезінуге болады. Әлемді енді ғана қабылдап жатқан бала жанына бұл өте маңызды. Бұндай іс-шараға келуші қонақтар ол әрине — ата-аналар, ата-әжелер, музейдің көркемөнер студиясының оқушылары.
Бейнелеу өнер өзге өнер түрлерімен тығыз байланыста. Бір образға жинақталған әуендерді естігенде оның барлығы теңестіріліп, шығармашылық бейнелеу жұмысында көрініс табады. Бұл іс-шараның басты мақсаты бірнеше өнерді біріктіру болды: поэзия, музыка, хореография, бейнелеу өнер, бұл өнердің барлығы бір-бірімен берік, үзілмейтін жіппен байланғанын тағы бір рет айқындап, қалыптасқан кредоға дәлел болады.
Бірлескен осындай кездесулер үнемі музей залдарында аяқталады. Бұл талассыз шындық; біртума музыканы тыңдағаннан кейін – төлтума бейнелеу өнер шығармаларына көшу. Осындай өнер мерекесіне орай жас таланттардың барлығы буклеттерге ие болды.