«Көктемгі тамшылар» — дәл осындай атаумен 6 наурызда Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің көркемсурет студиясының балаларының көрмесі ашылды. Бұл көрме дәстүрлі. Ол көктем, көктем мерекелеріне арналады: Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз, Ұлыстың Ұлы күні Наурызға. Жыл сайын балалар, тек олардың қиялына тән өз қолымен қайталанбас туындылар жасайды. Осы жұмыстарға қарасаң кеуденді қуаныш кернейді! Кей суреттен ана, немесе көктемгі тамшыларға таңырқыған мысық, көктемгі орманда аралап жүрген түлкіні көруге болады. Бұл жұмыстарда кенеттен күзгі жапырақтардың, мұз айдынында анасымен демалу, немесе теңізде демалуы пайда болуы маңызды емес – ең бастысы, мерекелік көңіл-күй, оны күту және жылы сезім.
Көрмеге 30-дан астам гуашь, акварель, акрил, түрлі-түсті қарындаштар, батик техникасында орындалған жұмыстар қойылды. Осы түрлі-түстіліктің қарқыны студия тәрбиеленушілердің сарқылмас шығармашылық энергиясын білдіреді. Бейсембина Сабина, Ильясова Нурай, Матвеева Виктория тек бір картинаның авторлары болып табылмайды, олар бірнеше жұмыстардың авторы. Қатысушылардың да жасы әр түрлі 9 жастан 16 жасқа дейін. Бұл жұмыстардың маңыздылығын кемітпейді. Кейде студияның кіші оқушылары композицияны құруда, бейнелеу идеясында тікелей, өте жеңіл, олардың суреттеріне ұзақ қарап, бірегей балалық талабына таң қаласыз.
Көрмені ашу мерекелік іс-шара соңында, қатысушылар дипломдармен марапатталды және барлық студия оқушылары музейдің досы Азамат Утеновтен сыйлыққа «Әлемнің Ұлы музейлері» топтамасынан тамаша кітаптар алды.