Жаңалықтар

   Біздің достарымыз-меценаттар сыйлаған музей кітапханалық қорының кітаптары туралы басылымдарды жалғастырамыз. «Сөреден кітап» айдары  «Әлемнің ұлы музейлері/ Великие музеи мира» және «Үздік заманауи суретшілері/ Лучшие современные художники» топтамасының үздік басылымдары туралы баяндайды.

   Лувр — әлемдегі ең танымал және ең көп келушілері бар көркем музейлердің бірі, ал ауданы бойынша- 160106 м2 үшінші орынды иеленеді. Францияның әр жаңа билеушісі ғасырлар бойы оны қайта құрып, жаңартып, ауданың кеңейтіп отырды. Музей ғимараты — көне корольдік сарайы — Париждің орталығында, Сенаның оң жағалауында орналасқан. Луврге келушілердің саны жыл сайын  бес миллионнан асады.

   «Великие музеи мира» топтамасы (орыс тілінде). 3 том. Лувр (Париж). «Комсомольская правда» баспасы, Директ-Медиа, 2011

   Джорджия О ‘ Киф — американдық суретші-авангардист, XX ғасырдың өнеріндегі ең танымал әйелдердің бірі. Оның суреттері фотоөнерге тән күтпеген ракурстармен ерекшеленеді, олар символды, абстракты, шыңайы емес – нәзік лирикалық үйлесімге толы.  О’Киф  кең танымалдылықты гүлдерді бейнелейтін суреттердің арқасында алды -бұл өсімдіктерге шын мәнінде ол ғарыштық ауқым берген.

   Фотограф Ансельм Адамс бір күні былай деген: «…оның жан-дүниесі әрқашан жұмбаққа толы. Бұл сезім аяқ асты пайда болатын. Ол ұлы суретші еді. Ешкім оның жұмысына қарап, терең күйзелісті сезінбейді…».

   «Лучшие современные художники» атты кітап сериясы (орыс тілінде).  11. «Комсомольская правда»  баспасы, Директ-Медиа, 2016, мұқабадағы автор М.Н. Гордеева.

   Материалды дайындаған музей кітапханашысы Шестакова Лариса Алексеевна.