Жаңалықтар

Питер Мондриан — ХХ ғасырдың ең жарқын суретшілерінің бірі. Ол өзін түрлі бағытта сынап көрді, сонынан авангардизмге тоқтады.  Мондриан — абстрактілі кескіндеме негізін салушылардың бірі және абсолютті үйлесімнің мәңгілік іздеушісі. Ол былай деп жазды: «Мен жалпы сұлулықтың саналы бейнесі үшін мүмкіндігінше жазық беттін үстіне сызықтарды және түстердің комбинациясын түсіремін. Мен шындықты қаншалықты жақсы көрсем; соңшалықты оған жақын болуға тырысамын, осылайша, мен заттардың болмысының (әрқашан сыртқы болмысы!) мәнің түсінбегенімше бәрін абстракцияға келтіруге тырысамын.  […] Мен көлденең және тік сызықтар арқылы ритм мен үйлесімге дейін жеңілдетілген түйсіктің үлкен дәрежесіне бағынатын, саналы түрде құрастырылған, бірақ есептелмеген тәсілмен  қол жеткізуге болады деп сенемін».

«Лучшие современные художники» атты кітаптар топтамасы (орыс тілінде). 7 том. «Комсомольская правда» баспасы, Директ-Медиа, 2015,  мұқабадағы автор А. Карасевич

Мадридке сапарға баратын адамнан сұраңызшы, неге ол испан астанасына баруға сонша ынтызар деп, әрине «Онда Прадо бар ғой!» — деген жауап естисіз.  Бұл жауап Гойи мен Веласкестің картиналарын бірнеше рет көрген, алайда олар туралы жаңа мәліметтерді көруге ниеттенген елеулі өнер бағалаушысы, сондай-ақ неге атақты музей оның сүйікті сән маркасының құрметіне аталмағанын толық түсінбеген,  жас гламур бикештің аузынан бірдей шынайы естіледі.

«Великие музеи мира» атты кітаптар топтамасы (орыс тілінде). 2 том. Прадо (Мадрид). «Комсомольская правда» баспасы, Директ-Медиа, 2011

Материалдарды дайындаған музей кітапханашысы Шестакова Лариса Алексеевна.