Жаңалықтар

   Музейдің  кітапхана қоры ұсынады…

   Третьяков галереясының құрылған күні  дәстүрлі түрде мәскеулік көпес және өнеркәсіпші Павел Михайлович Третьяков қазіргі орыс суретшілерінің алғашқы жұмыстарын сатып алған күннен бастап,  1856 жыл болып саналады.

   Оның бастапқы мақсаты —  кейіннен орыс ұлттық өнер музейіне айналуы мүмкін көркем галереяны құру болды. Третьяков 1806 жылы «Мен үшін, шынайы және көркем кескіндеме туындыларын ерекше  бағалаушыға, көпшілікке пайда әкелетін, көз қуанышын сыйлайтын  қоғамдық, барлығына қол жетімді өнер туындыларын сақтайтын қор орнын қалай құруға болады деген ой пайда болды», сонымен қатар, «мен ұлттық, яғни орыс суретшілерінің картиналарынан тұратын галереяны қалдырғым келді»  — деп жазған.

    «Великие музеи мира» кітаптар топтамасы (орыс тілінде). 1 Том. «Комсомольская правда»  баспасы, Директ-Медиа, 2012.

   Энди Уорхол — ең танымал заманауи суретшілердің бірі. Ол өзінің американдық арманына — сырқат және кедей эмигранттан поп-арт иконасы атану үшін талай қиындықтарды өткере отыра жетеді. Уорхол күнделікті тіршілік өмірді кенеп бетіне түсіре бастайды, сонымен қатар, өз жұмыстарын үлкен мөлшерде көбейте бастады.  Бірақ көркем өнердің қылқалам шебері көже немесе әлемге танымал газдалған суды ғана бейнелеп ғана қоймаған: оның шығармаларында терең мағына жасырын жатыр, тек тағдырдың тәлкегіне түскен және клиникалық өлімді бастан кешірген адам ғана терең мағынаны өз туындыларында қылқалам көмегімен көрерменге жеткізе алады. Бәрінен де бұрын Уорхол өз есімінің ғасырлар шежіресінде қалуын емес, керісінше ол даңқ туралы — мұнда және қазір атағы шығуын армандаған. Бірақ таңқаларлық іс: суретші қайтыс болғаннан кейін отыз жыл өтсе де, ал ол әлі танымал.

   «Лучшие современные художники» кітаптар топтамасы (орыс тілінде). 3 том. Энди Уорхол.  «Комсомольская правда» баспасы, Директ-Медиа, 2015, мұқабадағы автор О. Киташова

   Материалдарды дайындаған музей кітапханашысы Шестакова Лариса Алексеевна.