Құрметті кітап әуесқойлары. «Кітаптар сөресіндегі кітап….» айдары Сізді музейлер мен үздік заманауи суретшілер туралы тамаша кітаптармен таныстыруды жалғастыруда.
Метрополитен музейі әлемдегі ең ірі көркем жинақтардың бірі болып табылады. Музей қоры негізінен жеке кісілердің 1870-да музейге сыйға тартқан жәдігерлерінен жинақталған.Оның тұрақты коллекциясында екі миллионнан астам экспонаттар бар, олардың арасында Египет өнерінің бірегей жиналысы және импрессионистер мен постимпрессионистер кескіндеме өнерінің көрнекті туындылары бар.
«Великие музеи мира» топтамасы. 5 т. Метрополитен музейі/ ав. Кравченко И..-М.: Директ-Медиа, 2011.-95 б.
Макс Эрнст – кескіндемедегі авангардтың ірі өкілдерінің бірі.
Дадаизмнің жақтаушысы, ол сондай-ақ сюрреализмнің бастауында да тұрған.
Шеберді ХХ ғасырдың атақты музасы — Гала, Пол Элюар мен Ұлы Сальвадор Далидің жұбайы шабыттандырды. Ерекше көркем дарын, қиял тереңдігі, шығармашылық батылдық пен өнертапқыштық, сәуегейлік сыймен салыстырылатын уақыттың өткір сезімі және жеңіл ирония XX ғасырдың ірі суретшілерінің қатарында Макс Эрнсттің орнын анықтады.
«Лучшие современные художники» топтамасы. 9 т. Макс Эрнст (1891-1976)/авт. Пивень М.Г..- М.:Директ-Медиа, 2016.-71 б.