Жаңалықтар

   Өнер бойынша жаңа кітаптармен танысуды жалғастырамыз.

Британдық музей — Лувр, Эрмитаж және Метрополитен музейлерімен бір қатарда тұрған әлемдік мәдениеттің ірі музейі. Оның сурет галереясы жоқ, бірақ этнографиялық ескерткіштердің тамаша жиынтығы және Ежелгі өнер туындыларының кең жинағы бар. Оның атақты кітапханасы да бірегей және керемет. Британдық музей — бұл Лондонның орталығындағы бүкіл әлем, ал оның коллекциясымен танысу бүкіл әлемге саяхат жасаумен пара- пар.

   «Великие музеи мира» топтамасы. Т.15. Британский музей/авторы Т.Акимова.- М.: Директ-Медиа, 2012.- 95 б.

Суретші Валентин Губарев — біздің замандасымыз. Ол Горьком қаласында (қазір – Нижний Новгород) дүниеге келді, ал қазір Минскіде тұрады. Валентина Алексеевичтің шығармашылығы жиі аңғал өнер ретінде сипатталады, кейбір өнертанушылар оны Үлкен Брейгельмен  және кіші голландтықтармен салыстырады. Барлық осы анықтамалар, мүмкін, көркемсурет саласынан алшақ адамға ештеңені де білдірмес.   Бірақ шебердің картиналары бұрынғы Кеңес Одағының аумағында тұратын кез келген адамға түсінікті — Губарев әрқайсымызға соншалықты таныс көріністер мен адамдарды бейнелейді. Оларды  ирониямен, мысқыл  мен гротескімен «дәмдеп» жазады. Бірақ авторды біздің шындық өмірімізді мазақ қылды деп  күмәндана алмаймыз.  «Мен өз кейіпкерлерімді жақсы көремін, олар мен үшін тірі, нақты адамдар», — дейді суретші.  – Мен оларға әрдайым бақыт тілеймін». Оның үстіне, оның тұрмыстық көріністерінде терең мағына бар — бұл Губаревтің жұмысын нағыз өнерге айналдырады.

   «Лучшие современные художники» топтамасы. Т.5. Валентин Губарев/ авторы В.А.Губарев.-М.: Директ- Медия, 2015.- 71 б.

Материалды дайындаған музей кітапханашысы Шестакова Лариса Алексеевна.