Жаңалықтар

   Сәлеметсіз бе, достар! Біз Сізге карантин кезінде өзіңіздің бос уақытыңызды үйде қызықты әрі пайдалы өткізуді ұсынамыз!
   Сіз, өзіңізді Джоконда, інжу сырға таққан қыз немесе әлемдік бейнелеу өнерінің басқа да кейіпкері бейнесінде елестететіп көрдіңіз бе? Иә? Онда, Сіз бізбен біргесіз! Ал егер жоқ болса, онда сол бейнелерді жасап көріңіз!
   Кәне үлкен челлендж жасайық, ол үшін өзімізге атақты суретшілердің суреттеріндегі бейнелердің кейіпін өлшеп көрейік! Шығармашылық қиял мен тапқырлық танытыңыз!
   Фотосуретте белгілі суретті жаңадан жасап шығаруға тырысыңыз! Кез келген қолда бар материалдарды пайдаланыңыз! Кешегі әжеңіздің сәнді қалпағы, ұлы кескіндемешінің картинасынан бүгінгі күні өткен жүзжылдықтың сәнінің таңдаулы аксессуары бола алады! Барлық жарасымды әзіліңізді қосыңыз және Сіздің қолыңыздан бәрі келетінін көрсетіңіз!
   Өз профиліңізде қорытынды нәтиженің фотосуреті мен қайталауға тырысқан жұмыстың репродукциясы бар постыны жүктеңіз және қалауыңыз бойынша кадрдан тыс қалған оқиғаларды қосыңыз!
   Біздің музейді фото астындағы @thenevzorovs_museum сипаттауда белгілеңіз және осындай #музейневзоровых #карантиннаягалерея хэштегтерін қосыңыз. Ал үздік жұмыстар біздің «Карантиндік галереямыз» коллекциясына кіреді және біздің әлеуметтік желілерде жарияланады!