Жаңалықтар

   Сәуірдің басында Instagram аккаунтында музей алаңында «Карантиндік галерея» атты жаңа жоба – челлендж басталды. Еріксіз оқшаулану кезінде біз қалалықтарға шығармашылықпен айналысуды және өздерін «суретшілер» рөлінде сынап көруді ұсындық!  Тек осы жолы материалдар бояулар мен қылқаламдар емес, кез келген қолда бар материал, фотоаппарат камерасы және әрине Сіздің қиялыңыз болуы тиіс еді!

Сүйікті суреттердің сюжетін қайталау идеясы көрермендерге өте ұнады. Музей профилінде батыл бірегей шешімдерімен көптеген түсініктемелер мен жұмыстар пайда бола бастады. Ал бізді, музей қызметкерлерін, қайта түрленуге арналған модельдер ретінде невзоровтар коллекциясының туындылары таңдалғаны өте қуантты. Жобаға қатысқан адамдарға алғыс айтамыз және Сіздердің жұмыстарыңызды жариялап отырамыз. Челлендж жалғасуда, қосылыңыз! Біз жаңа жұмыстарды күтеміз!

Еске сала кетейік, жобаға қатысу үшін өзіңіздің профилінізде жаңа фотокейпіңіздің суретін, түпнұсқа суретін орналастыру қажет,  сипаттамада біздің музейді белгілеңіз және #музейневзоровых #карантиннаягалерея хэштегтерін қосыңыз.