«Тбилисидегі мерекелік көңіл көтерудің соңғы серпіні – көпшіліктің шулы кееноба карнавалы. Арнайы әдебиеттерде оның негізгі мәні көктемгі аграрлық мереке екендігі айқын көрсетілген, алайда, XIX ғасырда Тбилисиде ол Грузияның тарихи өткенінің кейбір факторларын бейнелейтін мүлдем жаңа мазмұнға толы болды. Тбилиси халқы кееноба мерекесі бір кездері парсы ордасын жеңіп алған жеңістің құрметіне қойылғанына сенімді болған. Сонымен қатар, шайқаста парсы шахының өзі тұтқынға алынған. Оны мазақ киімге киіндіріп, есекке отырғызып бүкіл қала бойынша аралап тасыған. Ақыр соңында шахты өзенге лақтырып өлтіреді. Тбилиси халқы бұл жеңісті еске алу үшін жыл сайын көңілді мереке өткізе бастаған, ол ойын түрінде парсылармен күрестің көтерілістерін бейнелейді…». Бұл «Кееноба» грузин карнавалының тарихы туралы түсінік алуға мүмкіндік беретін «Ескі Тбилиси» кітабынан үзінді.
Қазіргі уақытта бұл іс-шара өткізілмейді, бірақ Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде сақталған, суретші Джованни Вепхвадзенің туындысы, бізді осы таңғажайып көрініс пен таныстыра отыра, бізді еріксіз осы әдемі және музыкалық Грузия көшелеріндегі оқиға ортасына шақырады.
«Кееноба» картинасы өзінің мерекелік эмоцияларымен көз тартады – шу, ән, би билеген ұлттық және карнавалдық костюмдер киген адамдардың үлкен тобы доғал көше бойымен жүріп келеді. Жоғары нүктеден қараған кезде осы әрекеттердің барлығын қамтуға және шеруге қатысушылармен бірге көшелермен көз ілестіре жүруге мүмкіндік береді. Әр қимыл оңай танылады және оқылады. Грузин кескіндемесіне тән түстер, салтанаттық, ұлттық (костюмдер, қала сәулеті) және қара түс – мұнын бәрі мерекенің мәнін ашуға көмектеседі. Өкінішке орай, қазір бұл мереке жоғалған және суретші өз халқының тарихын, мәдениеті мен қуанышын көрсетуге тырысқан.
Джованни Вепхвадзе – картинаның авторы, дарынды суретші. Ол бірнеше тілді меңгерген, музыкалық аспаптарда ойнай білген, суретшілер туралы, Грузияның өмірі мен тарихы туралы керемет жылулық пен қайталанбас грузин әзілімен әңгімелер жазған.
Вепхвадзе — бұл суретшілердің бүкіл әулеті. Көркем кескіндеме дәстүрін атасы Иван Алексеевич Вепхвадзе (1888 — 1971), Грузияның халық суретшісі бастаған; ал оның ұлы Алексей Иванович Вепхвадзе (1921-1982), Грузияның еңбек сіңірген суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және немересі Джованни Вепхвадзе – біздің автор жалғастырған. Төртінші буын, Джованнидің ұлы – Бруно Вепхвадзе отбасының жұмысын жалғастырды.
«Кееноба» шығармасын жазуға кіріспес бұрын, Джованни осындай соңғы карнавалдардың бірінің қатысушысымен және куәгері болған әжесімен (кеңес өкіметіне дейін) ақылдасқан. Сонымен қатар, Джованни осы тақырып бойынша материалдарды оқыған Көпшілік кітапханада жұмыс істеуге мәжбүр болған. Картина Мәскеудегі Бүкілодақтық көрмелердің бірінен кейін сатып алынып, соңынан Жапония елінде көрмелердің бірінде қойылды. 1990 жылы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қорына Е.П. Вучетич атындағы Бүкілодақтық көркем-өндірістік бірлестігінен келіп түседі.
Маған 2012 жылы мен суретші Джованни Вепхвадземен, кейінірек оның сүйкімді әйелі Маринамен танысу бақыты бұйырды. Оның қарым-қатынас құрудағы жеңілдігі, керемет сыпайылығы, әзілдесуді түсіне білуі, жауаптылық пен ұқыптылығы мені баурап алды. ТМД суретшілерінің шығармашылығына арналған көрмеге дайындық кезінде менде көптеген сұрақтар туындаған, алайда оларың бәріне Джованни тиісті және оңай жауап тауып отырды. Маған кенеттен хаттар келуі тоқтаған кез үлкен соққы болды! Ал 2016 жылы мен Маринадан Джованни Вепхвадзе қайтыс болды деп хат алдым…
Джованни өмірден ләззат алуды және қуаныш сыйлауды білді. Оның отбасы мейірімді, ашық. Бейне қоңырау арқылы мен олардың үйін көре алдым. Бұл жай ғана үй емес, бұл барлық кеңістікті суреттер мен музыкалық аспаптар алып тұрған музей. Бруно анасы Маринамен бірге ата-бабаларының жадын мұқият сақтауда және оларды сүйіспеншілікпен еске алады.
Кееноба карнавалы тақырыбында көптеген суреттер салынған. Джованнидің өзі тағы бірнеше көркем туындылар жазған. «Кеенобтың» бірі Грузия президенті Э.Шеварднадземен Түркия президентіне, ал екіншісі Иран Президентіне сыйға тартылған.
Көрнекі түстерге қанық, бірақ қатал, түс, жарық және кеңістік туралы жеке «мазмұнға» толы Джованни Вепхвадзенің керемет кескіндемесі біздің музейдің коллекцияларының қатарын толықтырды. Осы картинаға қайта оралғың келіп тұрады және оралған сайын жаңа қырынан «оқып» көруге болады. Ол өзіне деген өнімсіз және абыржу сезімдерінен аулақ болуды талап етеді. Картинадағы әр кейіпкерді жіті қарап, Кеенобаның өміріне және оның мерекелік күндеріне толық бөленгің келеді. Ол адамды эстетикалық жағынан қуанта алады, шабыттандырады және байытады.
Ғылыми қызметкер Ильвира Халитова.