Қазақстан астанасы күнін мерекелеу қарсаңында ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы музей № 29 мектептің бастауыш сынып оқушылары және Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері үшін мәдени-ойын-сауық іс-шарасын ұйымдастырды.
Оқушыларға түрлі бағдарлама ұсынылды. Ең алдымен, бұл жас қала бойынша ойша саяхат жасауға мүмкіндік берген Астананың ең қызықты сәулет құрылыстары бар фотокөрме. Балалар әдемі ғимараттардың суреттерін көріп қана қоймай, қаланың тарихымен танысты.
Көптеген адамдар пазлдарды құрастырғанды ұнатады. Әлемде олардың саны өте көп – кішкентай, үлкен және өте үлкен. Осындай үлкен «музей» пазлын мерекеде балалар да құрастырып көрді. Нәтижесінде Ғалым Қаржасовтың «Шашу» атты ұлғайтылған картинасы шықты.
Бейнелеу өнері музейін шығармашылық сабақтарсыз елестету мүмкін бе? Әлбетте, жоқ. Музей қызметкерлері балаларға әр түрлі көркемдік техникада жұмыс істеуге және өз туындыларын жасауға барлық жаңа және қызықты нәрселерді ұсынды. Квиллингтің таңғажайып қағаз шиыршықтарынан балалардың бір тобы желкенді қайықтар, бұлттар және аспанда жарықыраған күні бар теңіз пейзаждарын, ал басқа жас суретшілер тобы аппликация және тоқу техникасында жұмыс істеп, тірі көбелектен айнымайтындай жазға арналған гүл себеттерін жасады.
Балалар шығармашылық мерекеде өнер туындыларын жасаумен ғана шектелмеді. Олар фотозонада әр түрлі атрибуттарды қолдана отырып, өздерінің ерекше «портреттерін» салды.
Ал, қимыл-қозғалыс ойындарынсыз қандай мереке. Балалардың қарқынды энергиясы әрқашан шығу жолын іздейді және «Твистер» ойыны осыны ұсынады. Қолдар, аяқтар, арқа, бастар, бәрі араласып, бір көңілді күлкі түйініне айналды. Мұнда ең икемді және ең күшті және шыдамды кім екені белгілі болды.
Балалар музейден жақсы көңіл-күйге, жарқын әсерлерге толы қайтты. Енді біз, музей қызметкерлері, осы көңіл-күймен сіздермен, құрметті оқырмандар және біздің «музей достарымызбен» бөліскіміз келіп отыр. Суреттерді қараңыз!