Жаңалықтар

Құрметті, достар! Санаулы күндерден кейін біз Жаңа 2025 жылды қарсы аламыз. Міне, 12 айда зымырап өте шықты. Осы уақыт ішінде жарқын сәттерге толы, сонымен қатар аса қуанышты емес көптеген түрлі оқиғалар орын алды. Ең бастысы, олардың барлығы өтіп, бізге жаңа тәжірибе қалдырды. Алда жаңа қадамдар мен сәттерге толы жаңа мүмкіндіктер есігі ашылуда.

Құрметті біздің келушілер, қала тұрғындары мен қонақтары! Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі баршаңызды жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтайды. Биылғы жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты сәттерге толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз.

Мереке құтты болсын, қымбатты достар!