Та-да-да дам та-дам, та-да-да дам та-дам, та-да-да дам та-да-дам, там….
Ал, кәне кім әуен ырғағын таныды, мүмкін бізбен бірге қосылып айтқандарыңыз да бар шығар!
Ия, ия, дәл солай!
Бұл рэгтайм, Скотт Джоплин! Бұл оның «Артист эстрады».
Ол еуропалық музыка үшін ерекше синкопа ырғақтарын енгізді, ол қара аудандар мен ақсүйектердің салондарының музыкасы арасында көпір болды. Бүгін тағы да Джоплиннің музыкасы шырқалды, бірақ ол Невзоровтар отбасы музейіндегі өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуінің басты тақырыбы емес еді. Ең бастысы — джаздың өзі және Луи Армстронг.
Клуб мүшелері өздерін шамамен 30х-50 ші жылдардағы джаз кафесінде отырғандай сезінді. Фортепиано мен жанды джаз әуені адамдарды баурап алды. «Ескі рояль», тіпті бала кезімізден таныс «Ормандағы шырша…» өлеңің балалар музыка мектебінің оқытушысы, Тарасюк Оксана Владимировна, джаз өңдеуінде орындап берді.
Джаз туралы әңгіме, ескі бейнелердің көрінісі, Луи Армстронгтың ескі жазбалары, тіпті Бинг Кросби, Фрэнк Синатра мен Луи Армстронгтың бірге өнер көрсеткен голливудтық видеолары үлкен экран арқылы тамашаланды. Олар импровизация және «жанның қалықтауы» туралы әңгіме қозғады. Ал, Карен Шахназаровтың әйгілі «Біз джазданбыз» фильмі есіңізде ме:
— Түсініңіз, Иван Иванович, импровизация – бұл сіздің жан-тәніңіздің шарықтауы!
Жанның шарықтауы. Әрі қарай, импровизацияға берілейік. Тек қазір көркемсуреттік. Шай ішу, джаз туралы сөйлесу және бейнені көру шеберлік сабағына ұласты. Егер синкоп болса, онда бәріңде! Акценттерді үйлестіре, ырғақтарды ұстап тұра, суретті «үйреншікті» емес қылқалам сызықтарымен салып шығайық. Дәл осылай. Керемет образдар шығады. Міне, сізге ұшу. Ненің? Иә, қиялдың, жан-тәннің шарықтауы… Бір сөзбен айтқанда синкопа. Музей дизайнері Валерий Коваленко де кафенің барлық келушілерімен «синкопа» процессіне тартылды.
Импровизация барлық жерде, тіпті залды безендіруде де болды. Идея пайда болды. Ал, ол идея музейдің эстетикалық тәрбие беру бөлімінің жетекшісі, суретші және жан-тәні қиялмен ұштасып жатқан Ольга Неудачинада туындады. Қас қағым сәтте музей қабырғалары рамалармен, ескі афишалармен безендіріліп, нағыз джаз атмосферасы орнады. Осы пайда болған ортасыз, мүмкін джаз да басқаша естілетін бе еді.
Музей қызметкерлері Белякина Наталья мен Абешова Жанар залға тосыннан дастарқан жайып ыстық шай ұсынғандары тамаша идея болды. Шайдың буы онсыз да музыка ырғағына бөленіп отырған аудиторияны шарапсыз- ақ масайратып жібергендей күй кештірді. И вот за непонятно короткое время случились стены украшенные рамами, старыми афишами, и возникла вдруг настоящая джазовая атмосфера, без которой, наверно, и джаз звучал бы по-другому. Ия, бұл кездесуде глинтвейн ұсынылды. Алкогольсіз! Бірақ ыстық. Мұнда басты кейіпкерлер Белякина Наталья мен Абешова Жанар, ағарту бөлім қызметкерлері болды. Өз-өзіне қызмет көрсету, бұл, әрине, жақсы, бірақ бұл өзге адамның көмегінсіз болмайтын ісі…
Кездесу тақырыбының бастамашысы, баяндаушы және аудармашы, музей қызметкері дәлірек айтсақ, Ирина Рекида өзінің джазға деген үлкен сүйіспеншілігімен бөлісті.
Бірақ неге кездесу «What a wonderful world» деп аталды?
«Әлем қандай әдемі!» Бұл Луи Армстронгтың қайтыс болғанға дейін жазған соңғы композициясының атауы. Онда, ол соғыстар, аштық пен жамандық қатар жүрген дүниеге және де туындаған барлық қиындықтарға қарамастан бейбітшілік керемет дейді. Шын мәнісінде әлем жаман емес. Оны біз қолдан жасаймыз. Ал әлемнің өзі әдемі!!!!