Біздің жеріміз таланттарға бай және олардың шығармашылығы туралы көп және мәнді ашып айтуға болады, әсіресе қызықты адаммен, өз ісіне құмар және сүйіспеншілікпен, мысалы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуінің лекторы, Абешова Жанар Жұмағазықызымен. Оның Клубтың кездесуінде алғашқы дәріс оқуы емес, әр жолы тыңдаушыларды өзінің шынайылығымен және ұсынылған тақырыпқа деген нақты қызығушылығымен баурап алады. Бұл жолы оның әңгімесі Қазақстандағы бейнелеу өнерінің даму тарихына және алғашқы отандық суретшілерге арналды.
Иә, біздің жеріміз таланттарға бай. Ежелгі заманнан бері зергер- шеберлер өз өнерлерін шыңдап, ал әйелдер ісмер қолдарымен үй жайлылығы үшін әдемі заттар жасап келеді. XIX ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанға біртіндеп жаңа өнер — бейнелеу өнері енеді. Шоқан Уәлиханов – шынайы суреттердің едәуір санын салған тұңғыш қазақ суретшісі. Жаңа ғасырда бейнелеу өнерінің басқа шеберлері пайда бола бастайды, ал Н. Г. Хлудов балалар мен ересектерге арналған алғашқы көркемсурет студиясын ашады, онда А.Қастеев, А. И. Бортников, С. А. Чуйков оқыды, олар кейіннен Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшілері атанады.
Бұл үлкен, ауқымды тақырып, тереңінен ашуды талап ететін. Бірақ, кездесу кешінің уақыты шектеулі, ал лектордың міндеті — тыңдаушыларды тақырыпқа қысқаша, бірақ көркемдеп түсіндіруден алған арқылы әсер арқасында ізденіске талпыну мен ой түюге жетелеу. Бұл міндетті, тыңдаушылардың пікірінше, Жанар Жұмағазықызы өте жақсы орындады.
Дәріске қатысқан клубқа келушілер: «Жанар Жұмағазықызы бізге материалды бар жан-тәнімен және сүйіспеншілігімен ұсынды […]. Біздің Клубтың кураторынан осы тақырыпты жалғастыруын сұраймыз. Біздің музейде суреттері ұсынылған суретшілер туралы көбірек білгіміз келеді» деп, (Елена Третьякова, Клуб мүшесі) жазды.