Невзоровтар отбасы музейіндегі өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуі мифологияға, атап айтқанда музей коллекциясындағы мифологиялық бейнелерге арналды. Бұл әрдайым суретшілерді қызықтыратын терең және қызықты тақырып. Бұл тақырып қызыққан адам үшін тарихпен ұштасып жатқан қызықты ертегі тәрізді. Аңыздардың негізін ерте дәуірдегі және қазіргі замандағы халықтардың тарихы қалыптастырады. Мифология – уақыт желісі мен ұрпақ байланысы. Бұл байланысты тереңірек сезіну үшін клубтың кездесуінің басында ұлы неміс ақыны Иоганн Вольфганг Гетенің сөзі оқылды.
Клуб мүшелерінің мифологиямен кездесуі әдеттегі дәріспен шектелмеді. Дәріскер Наталия Александровна Белякинаның қызықты әңгімесін тыңдап, презентацияны көріп, тақырыпқа кеңірек және тереңірек үңіле отырып, клуб мүшелері музей картиналарының мифологиялық кейіпкерлері туралы көбірек біліп, басқа суретшілердің оларды қалай бейнеленгені жайлы мәліметті толық қанды алғаннан кейін ғана залдарға бет алды. Енді олар залдарда қарапайым көрермендер ретінде емес, сюжетпен таныс сарапшылар ретінде жүріп, сол немесе басқа шығарманы жасаған әр дәуірдің ерекшелігін салыстырып, талдап, зерттеді.
Шынында да, музей кеңістігінде сіз әртүрлі уақыт аралығында біздің дәуірімізге дейін, VII ғасырдан бастап, ежелгі Пантикапей пайда болған кездегі заттарды көре аласыз.
Бұл кездесудің әсері қандай?
Ол жайлы қатысушылардың өздерінен сұраған дұрыс…
“Ежелгі Греция мен Рим мифтері туралы керемет дәріс.
Дәріс оқушымыздың ерекше дайындаған дәрісін тыңдаумен қатар, Невзоровтар музейі қорындағы суретшілердің тамаша жұмыстарын көріп көзайым болдық.
Бұл дәріс бізге теңіздей терең әсер қалдырды.
Айтылған жылы сөздердің бәріне қосыламын. Біз бұл жерде бірінші рет болдық, шынымды айтсам, өте қуаныштымын, қаншама рақат сезімге бөлендік. Енді осы жердің тұрақты келушілері қатарынан боламыз!
Өлеңдер мен мифтер, суреттер, құдайлардың есімдері, бәрі маңызды болды және есте қалды!
Сіздің еңбегіңіз бен ынта-жігеріңіз үшін үлкен рахмет!»
Ал келесі кездесуде не болары ол құпия.
Келесі кездесуді күтеміз!