Жаңалықтар

«Өнер сүйер қауым клубының» кезекті кездесуі өтті. Бұл жолы ол станокты майлы кескіндемені реставрациялауға арналды. Музейдің суретші-реставраторы Ольга Рубинчик әр жылдары жүргізілген жұмыс мысалдарында өзінің қызметі туралы айтып көрсетті. Презентация «реставрацияға дейінгі, процес барысында және одан кейінгі» қылқалам кескіндемесінің дәстүрлі фотофиксациясын ғана емес, сонымен қатар реставрация шеберханасында жүргізілген жұмыстың өзін кескіндеп көрсетуді де қамтыды. Әдістемелік реттіліктегі негізгі процестердің фотосуреттері – музейдің Реставрациялық Кеңесінің отырысынан бастап картинаны рамаға монтаждауға дейін.

Іс-шара «достық диспуты» форматында өтті. Біздің «клубниктер» тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты, және кездесу тез арада жанды әңгімеге айналды. «Мәңгі жас» – аға буыннан бастап кіші мектеп жасындағы  оқушыларға дейінгі аудитория сұрақтар қойып, ой-пікірлерін білдірді!

Музей достарына рахмет және жақын арада кездескенше!