Өнер әуесқойлары клубындағы кездесулер, бұл жағымды әңгімелер мен ортақ қызығушылықтарға ие адамдардың тілдесуі ғана емес, сонымен қатар бұл білім беру дәрістері және коллекцияда сақталған суретшілердің шығармашылығын насихаттау.
Биыл Қазақ КСР халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхамедовтың туғанына 100 жыл толады. Суретші реалистік және импрессионистік бағытта жұмыс істеп, әртүрлі жанрлық туындылар жазған. Ол портреттер, жанрлық картиналар, пейзаждар мен тарихи тақырыптағы туындылар жазған.
Нағымбек Нұрмұхамедовтың шығармашылығы туралы клуб қатысушыларына директордың ғылыми және көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Халитова Ильвира Ахметжановна әңгімеледі. Ол тыңдаушыларға суретшінің өмірбаяны жайлы ғана айтып қоймай, оның өмірі мен шығармашылығының алғашқы кезеңінен бастап жазылған туындыларымен таныстырды. Тыңдаушылар суретшінің шабыт іздеп Бразилия мен Жапонияға барған сапарлары жайлы танысты. Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің коллекциясындағы туындыларды зерделеп талдауға ерекше назар аударылды. Олар «Пианист Н.Белаяның портреті», «Кеңес Одағының Батыры Кречетовтың портреті», «Терезеден көрініс», «Ормандағы тастар». Клуб қатысушылары бұл туындыларды тәжірибесіз көрерменнің көзімен ғана емес, колоритті мұқият зерттеп, композицияға қарап, мағыналарды зейін салып тыңдап, өнертанушы ғалым ретінде де көру мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай дәрістердің зейінді әрі байсалды тыңдаушысы бар. Әр тыңдаушы үшін суретшінің шығармашылығы жай ғана өмірбаянының фактілері ғана болып табылмайды. Бұл ізденістер мен әсерленушіліктер, бұл өзге тіл, әмбебап және көлемді, бұл мүлдем басқа, материалдық емес деңгейдегі қарым-қатынас. Клуб қатысушылары осындай тыңдаушылар қатарынан болды. Олар ұзақ уақыт қайтқылары келмей, білгендерімен бөліскілері келді.
Оған дәлел келесі пікірлер:
«Керемет қызықты дәріс үшін және танымал суретшімен таныстырғаныңыз үшін көп рақмет! Келесі іс-шараларды күтемін.» (Максим)
«Қайырлы кеш! Мен кеше алғаш рет Клубтың кездесуінде болдым. Маған өте қатты ұнады. Мен келесі кездесуге қуана-қуана келемін». (Майра)
«Кеш жарық! Мен де Ильвира Ахметжановнаға қызықты дәрісі үшін алғыс айтқым келеді. Жалғасын асыға күтемін» (Лия Сафарбекова)
Жаңа кездесулер күтуде. Ал музей қызметкерлері дайындық үстінде, бірақ бұл әзірге құпия…