Невзоровтар музейіндегі клубтың кезекті кездесуі туған қаламызға, оның тарихына, бұрын осында өмір сүрген және қазір өмір сүріп жатқан адамдарға арналған. Бұл кездесу біршама ерекше форматқа ие болды. Экскурсия да, дәріс те емес, бұл туған қала туралы әңгіме болды. Клуб тыңдармандары жергілікті суретші Роман Бобровскийдің жақында ашылған “Басқа көрме” атты көрмесі мен “Жаңа қаланың ескі келбеттері” атты фотокөрмеге саяхат жасады. Кездесу Семей қаласының тарихы туралы өлкетанушылардың әңгімелерімен болашақ фильмнің үзінділерін көрумен аяқталды.
Іс-шараның ерекше форматта өтуіне әр қатысушының қала жайлы жылы естеліктерге толы әңгімелері болды. Тыңдармандар құдды бір балалық шақтарына саяхат жасағандай болып фотосуреттен көрген жерлері жайлы жылы естеліктерімен бөлісті. Осылай клуб кездесуі өнерсүйер қауым үшін тағы бір ұмытылмас күнге айналды.