Жаңалықтар

Тыныш жайбарақат ортада әлемді көріп тамашалау қаншалықты керемет. Ал әлем заттардан тұрады. Кейде біз қарбалас өмірде олар туралы ұмытып кетіп жатамыз. О, бұл қарбалас! Бірақ, егер біз сәл бір минутқа тоқтап, жай ғана жан-жағымызға көз салсақ…

Міне, кітап. Ол көптеген қолдардан өтті. Ол көптеген көздермен кездесті. Ал, міне стақан оған қанша ерін тиіп, қанша саусақтардың жылуын сезінді. Бұл нан. Ол адамға тоқтып береді. Адамның қолынан шыққан қасиетті тағам. Немесе шарап, әдемі графинде. Көзді қуантады және рахатқа бөленуге дәмелендіреді.

Мүмкін, бірнеше ғасыр бұрын әлемді голландиялық суретшілер Питер Клас, Виллем Клас Хеда, Юриан ван Стрек, Балтазар Ван дер Аст, Питер Артсен тап осылай көрген болар. Олар жайлы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуінде әңгіме қозғалды.

Голландия өнерінде XVII ғасыр «алтын дәуір» болып саналды. Натюрморт өзінің жеке жанрымен ерекшеленді және көрермендерге қарапайым заттардың «тыныш өмірін» сипаттап көрсетті. Көптеген еуропалық тілдерде натюрморт «тыныш өмір» (Stilleben (неміс), stillife (ағылшын), stilleven (нидерланд)) деп аталуы бекер емес.

Omnia vanitas.  Өмір – қарбалас. Барлығы да өткінші. Бұрын өмір сүрген адамдарды қоршап тұрған суретшілердің картиналарындағы қарапайым заттардың тыныш оқиғалары ғана өткінші болып саналмайды. Қазіргі заман адамдарының өмірі көз ілеспейтін жылдамдықпен өтіп жатыр, ал біз бүгін XVII ғасырдағы голландиялық суретшілер тәрізді, бір мезет қоршаған заттарға назар аударып, оларды жадымызда сақтап қалу үшін натюрморт салып қалдырдық.