Жаңалықтар

Дәрістер әртүрлі. Академиялық, немесе академиялық емес. Тақырыптар әртүрлі. Бірақ, егер дәріс өнер туралы болса, онда бұл белгілі бір кезең, құбылыс немесе суретші туралы болуы керек. Бірақ, неге… жай ғана тұлпарлар туралы айтпасқа?!

Иә, тұлпарлар туралы. Өнерде. Өйткені, бұл барлық дәуірлердегі және барлық халықтардағы адамдар таңданған ерекше жануар. Ассирия, Египет, Греция, Византия. Оларды үңгірлердің қабырғаларында алғашқы қауым адамдары бейнелеген, мыңдаған жылдардан кейін Ренессанс суретшілері өз картиналарын арнаған, кейінгі дәуірлердің шеберлері өз шығармаларында бейнелеп қалдырған, қазіргі заманғы суретшілер олармен таңданады.  Бұл туралы Абай облысының Семей қаласында Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуінде айтылды.

Әңгімелесу, экрандағы слайдтар және жайлы кездесу. Музей қызметкері Неделькина Наталья Сергеевнамен бірге кездесуге келген қатысушылар түрлі жұмыстарды қарап тамашалады. Мысалы, ұзын жібектей жалымен және қызыл бантпен безендірілген мүсінді, аспанға шапшыған асау ақ ат осқырына тәж киген иесі – Испан королі Филипп III-ті көтеріп келеді. Ал Теодор Жериконың картинасында танауы кең, жазық маңдай, ұзын құлақ, құйрығы, мойыны ұзын, белі қысқа, тұяғы шағын тұлпардың сипатын көре аламыз. Кім бірінші болып мәреге жетіп, иесіне жеңіс сыйлайды? Көптеген басқа картиналар да болды, бірақ барлық жерде тұлпарлар басты кейіпкерлер болып қала берді..

Кездесудің нәтижесі қандай болды? Тұлпарлар осы дәрісті тыңдаушылардың қызығушылығын оята алды ма? Әрине. Бұл керемет, мейірімді және ақылды жануарлар біреуді бей-жай қалдыра ала ма?

«Дәріс үшін рахмет Наталья Сергеевна. Кеше ерекше формат болды — өнердегі тұлпарлар. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін тізбегін үзбеу  – үлкен жұмыс. Рақмет!!!»!!!» Третьякова Елена Борисовна

Келесі кездесуді күтеміз. Мүмкін тағы да ерекше нәрсе бар шығар? Көрейік…