Қазақстанның бірінші республикалық жылжымалы көрмесі дәл біздің қалада 1928 жылы ұйымдастырылды. Көрменің бағыты: Семей, Петропавл, Риддер, Қорған, Қызыл-Орда, Қарсақпай. Сол кезде Қызыл-Орда қаласы Қазақстанның астанасы болған, сондықтан қорытынды көрме дәл осы жерде Республика кеңестерінің съезіне қарсаң ашылады. 1929 жылдың наурыз айында көрме Қарсақбайда таратылған. Алдымен оған 28 автор қатысты, бірақ әр қалада қатысушылардың қосылуына байланысты нәтижесінде 460 жұмыс енді.
Осы көрменің жас қатысушыларының бірі біздің Семей қаласының суретшісі Валерий Александрович Книжников (1912-1990) болды. Ол Риддердегі көрмеге қосылады, ол кезде Валерий небәрі 16 жаста еді! Суретшінің қызы Алевтина Валерьевна: «Бала кезінен әкем сурет салуды ұнатқан. Оның бірінші мұғалімі ретінде Риддер қаласындағы ғибадатхананы безендірген адамды атауға болады. Оның атасы, дін қызметкері немересінің сурет салуға деген махаббатын көріп, әуестігін мадақтаған. Олар бірге тастар жинап, бояу алу үшін тастарды бір-біріне үйкелеп үккен. Танымал суретшілердің репродукцияларын көшіре отырып, сурет салуды үйренген. Әрқашан бояу түстермен тәжірибе жасауды ұнатқан». Валерий Александрович Семей қаласына 1931 жылы көшіп келген. Алғашында ретушер болып жұмыс істеп, ал 1948 жылы ҚазИзо-ға ауысқан. Валерий Александровичтің КСРО Саяси бюро мүшелерінің жиырма портретін орындағаны белгілі. Семей қаласының басқа суретшілерімен бірге ол этюдтерге шығып, пейзаждар, натюрморттар жазған.
Мақаланы дайындаған музейдің ғылыми қызметкері Ильвира Халитова