Көктемнің иісі қандай ерекше! Рас, айналада қар жатқаныммен ауада көктемнің хош иісі сезіліп, Жер ана ояна бастайды. Еріген қардың иісі, ағаштардың дымқыл қабығы, күннің жылы, шуақты сәулелерімен алмастырылатын самал жел – осының бәрі көктем осында екенін, қысты аяусыз қуып, жерді ұйқыдан оятатынын айтады. Барлық жерде көктемнің лебі сезіледі!
Ал, Невзоровтар отбасы музейінде сазсырнайдың әуелеген үні естілуде. Сазсырнайда ойнаған талантты шебер Өмірбаева Фарида Сүлейменқызы. Ол «Кербез қыз» лирикалық әуенін орындады. Бірақ бұл халық музыкасының концерті емес, қаламыздың екі шебері – Өмірбаева Фарида Сүлейменқызы мен Насынгалиева Бибігүл Төлегеновнаның қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы.
Көрме «Көктем көңіл-күйі» деп аталады. Көктемнің келуінен жүрек жылулық пен қуанышқа бөленеді! Музей қабырғаларын шешек атқан гүлдер, көк шалғын шегімен жарыса, көшіп бара жатқан бұлттар бейнеленген макраме техникасында орындалған панно, ал подиумдар мен витриналарда киіз басу техникасында жасалған сәнді ыдыстар, керамикалық шыныаяқтар, кішкентай саз балшықтан жасалған тасбақа безендіріп тұр.
Көктемнің нұрланған сәулелері кездейсоқ витриналарға кіріп, айналасындағы көрермендерге қызығушылықпен қарап тұрғандай. Ал, оны зал арқылы, подиум үстінде тұрған ұзын, тар мойнын жоғары созып, киізден жасалған ыдыс қарсы алуда. Оның жанында тағы да киізден жасалған, ауыз жағында бүрлері ашылмаған нәзік бәйшешектері бар ваза тұр.
Фарида Сүлейменқызы Өмірбаева – дизайнер, шебер-керамист. Оның есімі «STEPPE PRODUCTS» ұлттық өнімдерінің халықаралық каталогында сазсырнай казақ ұлттық музыкалық аспабын жасау шебері ретінде көрсетілген. Бұл аспапты бүгін көрмеден көруге болады, ал оның үнін Фарида Сүлейменқызы ашылу салтанатында ән орындап, көрсетті.
Насынгалиева Бибігүл Төлегеновна – Қазақстан Республикасы Дизайнерлер Одағының мүшесі, облыстық және халықаралық көптеген көрмелер мен фестивальдердің қатысушысы. Ол 2023 жылы «Асыл Мұра» бірінші облыстық сәндік-қолданбалы өнер байқауының «тоқымашылдық» номинациясы бойынша сыйлықтың лауреаты.
Екі шеберде Астанадағы ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесінің қатысушысы. Бүгінде шеберлердің шығармашылығы Невзоровтар отбасы музейінің төрінде ұсынылып отыр. Осы көрменің кураторы Әлия Әбілханқызы. Ол көптеген жылдар бойы аймақтың сәндік-қолданбалы өнерін зерттеп, халық өнерінің көрмелері мен фестивальдеріне жетекшілік етіп келеді.
Көрме көктемнің шуағы мен нұрына бөленіп, жылулыққа толы болды. Көрме өз көрерменін күтуде.