Жаңалықтар

Ерте көктем келісімен-ақ, күн жылынып, адамдардың жүзінен қуаныш аралас жылылық лебі сезіліп, суретшілердің картиналарынан жылулық пен әдемілік байқалады. Ал осы жылулық пен әдемілікпен бөліскен суретшілеріміз бүгін музейдің қонақтары. Бұл суретшілер ерекше жандар, олар ерекше бояулармен және қылқаламмен жұмыс істеп, жүннен сурет жасады! Жеңіл, акварель сияқты, аспанда бұлттар жүзіп, өзен суы сарқырап, күн жарқырап, гүлдер гүлдеді. Олар созыңқырай түсе, бір-бірінің үстіне қойыла, әйнектің астына бастыру тәсілмен жіңішке иірілген жүннен жасалған. Бұл нанғысыз көрініс, бірақ бұл шынымен де, жүн материалынан замануи картина жасау!

Осындай ерекше техникадағы жұмыс бойынша шеберлік сабағын Абай облысы Семей қаласы, Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде Жабағина Құралай Талғатқызы, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, ALIKHAN BOKEIHAN UNIVERSITY Педагогика және психология магистрі, Шәкәрім университетінің «Өнер» кафедрасының оқытушысы өткізді. Бұл шеберлік сабақ Наурыз мейрамының онкүндігіне арналған мерекелік іс-шараларға жалғасты, оның ішінде вернисаж бір күн бұрын өткен «Көктем лебі» музей қорынан туындылар көрмесінің ашылуы және бүгінгі шебер Құралай Жабағинаның коллекциясынан ұлттық киім дефилесі болды.

Мұндай қиын техникадағы шығармашылық ұқыптылық пен дәлдікті қажет етеді. Жүнмен жұмыс істеу дағдылары жоқ жас суретшіге тәлімгердің көмегі өте қажет, сондықтан шеберлік сабаққа көп адам қатыса алмайды. Бұл сабаққа оннан астам адам жиналды. Әр суретшіге шебер көңіл бөліп, кеңестер берді. Әрқайсысына барлық қажетті материалдар берілді. Нәтижесінде әркім өз қолымен жасаған туындыға ие болды.
Осы шеберлік сабаққа қатысқан қатысушылардың пікірі қандай?

«Керемет шеберлік сабақ! Өте түсінікті түсіндірілді. Мен өте әдемі көркем жұмыс жасай алдым!». Бұл шеберлік саббақтың ең жас мүшесінің пікірі.
Өмірдің келешегі — көктем келді. Ал көктемгі көңіл-күй мен жылулықты осы жұмыстардан сезіне аласыз!