Мамыр айында біз Сізбен бетпе-бет, көзбе-көз – офлайн (ура!) — залдарда, музей алдындағы саябақта кездесеміз.
Бұл жолы біздің ТҮН еліміздің барлық балаларына арналады! Дәл осы жылы біз бірге «Түсімізде және өңімізде ұшатын» боламыз!
Бұл қиял мен техникалық ойдың шарықтауы, керемет ғылыми жаңалықтар мен жұмбақ оқиғалар!!
Бұл қалықтап ұшуларда сізбен бірге күлімсіреулер мен … теңдесі жоқ Леонардо да Винчи болады!!
Неге ол деп сұрақ туындауы мүмкін?
21 мамырда дәл сағат 18.00-де музейге келіңіз, Сіз бәрін білетін боласыз!
Бұл ТҮНДЕ сізді жаңа көрмелер күтеді:
— «Түсіміз бен өңімізде ұшулар» балалар шығармашылығы,
— «Сhiaroscuri» инсталляциялары,
— «Жаңа қаланың ескі келбеті» фотосуреттері,
— «3D Винчи» интерактивті көрмесі және басқалар.
Ойнағыңыз келеді ме? Мархабат!
— «Квиз» музейлік,
— «Мысық та Винчи» электронды ойыны,
— «Аттың жүрісі» шахмат турнирі,
— физикалық құбылыстар паркі.
Сіздер үшін – фотоаймақтар, шеберлік сабақтары, шеберлер қаласы, косплей конкурсы және ҮЛКЕН-ҮЛКЕН КОНЦЕРТ!
Асыға күтеміз!!