Жаңалықтар

Музей қорынан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Бақтияр Хасанұлы Табиевтің (1940-1999) екі картинасын реставрациялау.

Суретшінің отбасы музейге сыйға тартқан «Ұл баланың портреті» және «Ер адамның портреті».

Жалпыға мәлім оқиға! Табиевтердің Алматы шеберханасы ыстық су астында қалып, кейбір жұмыстар зардап шекті. Сумен бірге «Ұл баланың портреті» мен «Ер адамның портреті» арасына ағаш желімі кіріп кеткен, сондықтан  этюдтер бір-біріне «Сиам егіздері» сияқты жабысып қалған. Ал,  оларды бұрынғы иелері бір-бірінен ажыратпақ болып бөлген кезде «Ұл бала портретінің» бояу қабатының фрагменттері «Ер адамның портретінің» сыртқы жағында жабысқан күйде жұлынып алынған. Картиналар осындай күймен музейге келіп түсті.

Екі этюдтің негізіне, жалпы аумақтың жартысының жуығына дейін су тиген. Нәтижесінде, кептіруден кейін негіз кішірейіп, шатыр шифрына ұқсайтын айқын, өрескел, толқын тәрізді деформация берді. Әрі қарай, біз «Ұл баланың портреті» картинасы жайлы айтатын боламыз, өйткені екінші картина айтарлықтай аз зақымданған.

Біздің музейдің реставрациялық тәжірибесінде біз тек классикалық, мысалы, бекіре желімі – әр реставратор үшін қажет, арнайы өңделген, балық торсылдақтары, сонымен қатар инновациялық материалдарды да қолдануға тырысамыз. Өте жұқа, серпімді инесі бар карпульді шприц Lascaux498 HV консолидаторын кракелюрдің көтерілген жиектерінің астына жағуға мүмкіндік берді. Бояу қабатының ұсақ көтерілуі мен бырысуы кезінде адгезив бинокулярлық, офтальмологиялық үлкейткіштің көмегімен микро тесіктерге карпульді шприцтің ең қысқа және жіңішке инесімен жеткізілді. Әрі қарай пластификациялау, кракелюр төсеу және, сайып келгенде, бояу қабатын нығайту әртүрлі құралдар мен құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылды. Төсеме бояу фрагменттерінің бұрышы мен басқа да жоғалуы текстурасы мен сапасына жақын картоннан «кірістіру» әдісімен қалпына келтірілді. Осылайша, бояу қабатының фрагменттері «Ұл баланың портреті» композициясының учаскелеріне орнатылды.  Авторлық және реставрациялық картонның ашық учаскелеріне BEVA ® Gesso грунты бояу қабатының жалпы деңгейіне жеткізілді және тегістелді. Картинаның алдыңғы жағы бекіре желіміндегі екі қабатты жапсырмамен қорғалған. Авторлық картон, артқы жағында, механикалық түрде тегістелген және сәл тазартылған. Бояу төсемі негізінің қалған деформациялары сүзгі қағазы жиі ауыстырылуымен, тазартылған сумен дымқылдау және сығымдау арқылы жойылды. Картинаның сыртқы жағы қосарланған, басқаша айтқанда, ақ, қышқылсыз картонға, адгезив: BEVA D-8 дисперсиясы «суық әдіспен» жабыстырылған. Осымен  «техникалық реставрациялау» немесе консервациялау жұмыстары аяқталды. Бояу қабатын тазалағаннан кейін, авторлық кескіндеме мен реставрациялық кірістірулер «күңгірт» жылтыр лакпен жабылған. Әрі қарай қалпына келтіру майлы бояулармен, «жақын тонына имитациялау» әдісімен жүзеге асырылады. Айта кету керек, барлық жағдайларда реставратор ешқашан автордың бояу қабатының жоғалуы шегінен аспайды, яғни ол кескіндеменің фрагменттері немесе бөлшектері біржола жоғалған жерде ғана реставрациялық бояуды қолданады.

«Ер адамның портреті» туындысына келетін болсақ, заманауи материалдарды қолдана отырып, қажетті, көркемдік-реставрациялық іс-шаралардың толық кешені өткізілді.

Художник-реставратор Рубинчик О.О.