Ақ халат, маска, ал қолында скальпель немесе шприц бар. Сіз бұл хирург күрделі операцияны бастауға дайындалып жатыр деп ойлайтын шығарсыз? Ия, сіздің болжамыныз дұрыс. Бірақ жартылай ғана дерлік! Бұл хирург емес, музей реставраторы. Ол шынымен де күрделі операцияға дайындық үстінде — оның көмегінсіз жойылып кетуге сәл ғана қалған көркем туындылардың өмірін құтқару. Адам сияқты.
1871 жылы Владимир Васильевич Стасов, өнер және музыка сыншысы реставратордың жұмысын хирургтың жұмысымен салыстырды. Бұл өте дәл салыстыру, өйткені екі мамандықтың негізгі қағидасы – «Зиян келтірме!».
Невзоровтар отбасы музейіндегі реставрациялық шеберхана 1994 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бүгінде бұл музейдегі «маңызды» орын, ауруханадағы операциялық бөлмеге, алхимик кабинетіне және ағаш ұстасы шеберханасына ұқсас нәрсе. Мұнда қарапайым көрерменге кіру жабық, ал музей қызметкерлерінің өздері оған сақтықпен және ерекше рұқсатпен кіреді. Сонымен, музей клубының кезекті кездесуінде оның мүшелеріне тыйым салынған есіктерді бір көзбен шолып, «Көркемсурет хирургияның құпиясы» туралы кейбір нәрселерді білуге ерекше мүмкіндік туды.
Музейдің реставраторы Ольга Олеговна Рубинчик слайдтар көрсету барысында тыңдаушыларды реставрация процесінің кейбір кезеңдерімен таныстырды, бірақ оның нәтижесімен клуб мүшелері Бақтияр Табиевтің «Ер баланың портреті» және «Ер адамның портреті» атты екі қалпына келтірілген жұмыстары қойылған көрмеде танысты. Бұл екі шығарма суретшінің шеберханасын ыстық су басқан кезде қатты зардап шеккен. Музейге келіп түскен кезде олардың қалпын көрген кез-келген адам екі жұмыс та біржола жойылып кеткен сияқты, енді ештеңе істеуге болмайды деп ой түйіндеуі мүмкін еді. Тек реставратор-хирург емес. Кішкентай қадамдармен, аса нәзік қимылдармен бұл суреттер өмірге қайта оралды. Олардың қалыпты күйі мен тарихын білмейтін кез-келген көрермен, қазіргі уақытта «өмір сұлулығының жыршысы» деп бекер аталмаған керемет суретші салған осындай шынайы картиналарды көру мүмкіндігінен айрылып қалатындарын білмеген де.
Реставратормен кездесу көрермендерді таң қалдырды ма? Әрине. Көптеген сұрақтар, алған әсерлер… Біз олардын бірімен ғана бөлісейік:
«Ольга Олеговна, шақырғаныңыз үшін көп рахмет!!! Сіз үлкен жұмыс жасайсыз. Мен сізді «көрінбейтін майданның жауынгері» деп айтар едім!!! Барлық жағынан сәттілік!!!» (Анар Куанғалиевна)
Біздің реставраторға сәттілік тілейміз. Ал, біздің клуб мүшелеріне одан да қызықты кездесулер. Біз бұл істі міндетті түрде қолға аламыз!