Жаңалықтар

   Невзоровтар отбасы атындағы музей жинағында кеңестік қазақстандық графиканың көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҰОС қатысушы Константин Яковлевич Барановтың (1910-1985) жұмыстары сақталуда. Суретшінің жүзден астам жұмыстары, оның жесірі  М.И.Лягаеваемен сыйға тартылды. Олардың арасында суретшінің он жыл бойына шығармашылық қызметін көрсететін дәстүрлі техникаларында орындалған сурет парақтары бар: линогравюра және литография.

Суретші Нижегород губерниясының Большое Козино ауылында дүниеге келді. Көркем білімді  Иркутск көркемсурет училищесінде алды, оның директоры және оқытушысы И.Л.Копылов болды. Ол  болашақ суретшіге ықпалын тигізген. Мұғалімдердің кеңесі бойынша Баранов Сібір мен Солтүстік халықтарының қолданбалы өнерін терең зерттеді. Осы мақсатта 1929 жылдың жазғы каникулдары кезінде К. Баранов Сібір Обь өзені бойынша, Обь өзені кірмесіне дейін және – кері  өзінің алғашқы үлкен саяхатын жасайды. Альбомдағы көптеген суреттер жолда ұзақ тоқтау барысында  жасалған,  суретшінің тікелей бақылаулары келесі солтүстік өлке тақырыбындағы жұмыстарына жаңа өзгерістер әкеледі.

Константин Барановты оқу мерзімінің аяқталуы кезінде суретші-иллюстратор, кітап безендіруші жұмыстары көбірек қызықтырған, бұл оның келешек мамандығы болды. Училищені бітіргеннен кейін Баранов Новосибирск қаласына көшеді, өйткені бұл қала Батыс Сібірдің ең ірі ғылым және мәдениет орталығы мәртебесіне ие болады.  Константин Яковлевичтің тағдырына Новосибирск суретшілеріде қатысты, олардың көмегімен ол «Товарищ» жастар журналында қызмет етуді бастайды, содан кейін оны «Сибирские огни», «Охотник и рыбак Сибири» және т. б. журналдардың редакциялары шақырған.

Бес жылдан аз уақыт ішінде осы журналдардың беттерінде Константин Барановтың В. Зверевтің  «Джунгарские ворота» және «Страна степей» шығармаларына, М. Ошаровтың әдеби нұсқасында «Северные сказки», А. Кравковтың «Год во льдах» шығармаларына иллюстрациялары пайда болды. Соңғы шығармаларға музей жинағындағы: «Аңшылар әңгімесі» 1931, «Ұшқыш Б.Г.Чухновскийдің портреті» 1935, «Амундсен» және «Академик Визе»  1936 парақтары жатады.

К. Баранов Мәскеуге екі рет барған, кезінде ол көптеген шығармашылық адамдармен танысқан, ол баспа графикасының (офорта және литография) түрлерінде тәжірибесін молайтып, білімі мен шеберлігін шыңдады.

Константин Яковлевичтің Сібір кезеңіндегі шығармашылық қызметі 10 жылға созылды, олар қырық жылдан астам уақыт бойына созылған Қазақстан кезеңіне бастама болды.

1940 жылы Константин Баранов Новосибирскіден Алматыға келген кезде, республикалық Суретшілер одағы бұған дейін негізінен суретші-графиктерден тұрған. Дегенмен, ол республиканың осы шығармашылық ұжымының жалпы қызметіне өз үлесін қосты.

Алматыға келгеннің  алғашқы күндерінен бастап Константин Баранов жергілікті суретшілермен — Г.А.Брыловпен, Х.К.Ходжиковпен, А.Исмаиловамен танысады. Олар оны баспа жұмыстарынан басқа, Қазақстан Суретшілер Одағы шығармашылық ұжымының міндеттерімен де таныстырады.

Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін және 1941 жылдың қыркүйегінде майданға шақырғанға дейін бір жарым жыл Баранов Қазақ мемлекеттік баспасында, «Литература и искусство Казахстана», «Пионер» редакцияларында жұмыс істеді. Суретшінің соғыс алдындағы кездегі ең маңызды жұмысы «Махаббат аңыздары» қазақ эпосының жинағына иллюстрациялар болды. Ол үшін суретшіге тарихи-этнографиялық материалдармен және қазіргі қазақ халқының қолданбалы өнерімен толығымен танысуға тура келді.

Ертегі мен эпоспен жұмыс жасаудың алғашқы нәтижелері суретшіге Қазақстанның кітап графикасының талантты, іс жүзінде жетекші шеберінің тұрақты беделін айқындайды. Баранов Қазақстанның қазіргі жазушыларының, сондай-ақ орыс, кеңестік және шетелдік классиканың шығармаларына иллюстрациялар жазумен айналысады.

1946 жылы әскерден босатылғаннан кейін қой Алматыға оралып, сол баспаларда жұмысын жалғастырады. Соғыстан кейінгі екі онжылдықта республиканың көркем ұжымының қоғамдық қызметіндегі оның рөлі өте белсенді болады. Ол бірнеше рет Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының, Қазақ КСР көркем қорының мүшесі, партия ұйымы хатшысының орынбасары болып сайланады. 1948 жылдан 1961 жылға дейін оны Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы етіп сайлайды. Бірақ қоғамдық қызмет, станокты және кітап графикасындағы оның шығармашылық жұмысының қарқындылығын төмендетпейді.

Соғыстан кейінгі жылдардағы шығармашылығы өте жемісті болды.  Бұл  А.Сәрсенбаев, Ғ.Мұстафин, М.Зверев, С.Мұқановтың кітаптарын безендіру және иллюстрациялау. «Қазақ КСР тарихы» (алғашқы екі томы).

«Алматы алмалары», «Қазақстан металлургтері», «Балқаштың  балықшы әйелдері» музей қорының гравюраларының топтамалары —  тек осы атаулар бойынша Қазақстан аумағының жартысын қамтитын суретшінің шығармашылық ізденістерінің кең географиясын анықтауға болады.

Қазақ әдебиетінің классиктерін бейнелейтін: «Абай портреті» 1971 және «Жамбыл портреті» 1973,  музей қорындағы парақтарды атап өтпеуге болмайды. Олар еркін және батыл орындау шеберлігімен белгіленген.

Константин Баранов шығармашылығының маңызды бөлігі, ол әрдайым үлкен мән беріп, оған ерекше көңіл бөліп, адалдықпен қараған, кітап графикасындағы ертегілерге иллюстрациялар немесе ертегі мазмұнындағы станоктық шығармалар болсын, оның балаларға арналған жұмыстары болып табылады.  Музей жинағында  ертегі тақырыбы: «Қасқыр мен Түлкі» 1960,  «Түлкі мен бауырсақ» 1978, «Тиіндер мен шыбынжұт» 1982, «Етік киген мысық» 1983 және т.б. түсті литографиялар кеңінен ұсынылып отыр.

Алма-Атыда болған алғашқы жылы ол өз жұмыстарының бірінші жеке көрмесін ұйымдастырады. Қазақстандық экспозициялар аясында Константин Барановтың шығармалары бірнеше рет Мәскеуде, Ленинградта, республикалардың астаналық және басқа да қалаларында, сондай-ақ шетелде көрсетілді.

Константин Баранов шығармаларының ең ірі жинағы Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне тиесілі, сондай-ақ Павлодар, Қарағанды және т.б. музейлерінде сақтаулы.