Конституция Күнің мерекелеу қарсанында Невзоровтар атындағы музейінде Семей суретшілерінің туындыларының экспозициясы ашылды.
Елдегі ежелгі қалалардың бірінің көркем өмірінің тарихы қызықты фактілерге, оқиғаларға, есімдерге толы. Ол кең уақыт диапазоның қамтиды: өткен ғасырдың 70-жылдардаң бастап осы күнге дейін. Ескі Семей көркем сурет мектебінің шеберлерінің Владимир Третьяков, Михаил Беляев, Валентин Христолюбов, Григорий Шереметьев, Ғұмар Макаров және басқа да көптеген суретшілердің шығармалары метафоралық жағынан толы жас ұрпақ суретшілері — Роман Бобровский, Талғат Татиев, Александр Махно жұмыстарымен керемет және тамаша үйлесімдік тауып бірлесіп жатыр. Бұл көрме музей қызметкерлерімен осы жаңа оқу жылының басталуына ашылуы мүлдем кездейсоқ емес. Өйткені оның басты мақсатты аудиториясы ретінде барлық қалалық және ауылдық оқу орындары көзделіп отыр, ал жаңа жобаның басты мақсаты мен міндеті — өсіп келе жатқан ұрпақты қаланың көркем мәдениетіне тәрбиелеу, олардың бойында патриоттық сезімді, туған өлкенің тарихи мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жаздың соңғы жылы күндерінде керемет архитектуралық және табиғи ландшафтыларын тек қала оқу орындарының оқушылары, сондай-ақ, барлық тұрғындар мен қала қонақтарыда тамашалай алады. Барлық семейлік суретшілерді және олардың туындыларын біріктіретін ең басты сапа – сүйікті тақырып – туған өлке жері мен адамдары. Көрмеге барлығы 28 көркем туындылар қойылды.
Музейдің аса маңызды міндеті — қазақстандық өнер коллекцияларын дәріптеу болып табылады. Бұл музей қызметінің басым бағыты. Сондықтан, Конституция Күні қарсаңында «Қазақстан бейнелеу өнері. Дәстүр және қазіргі заман» тұрақты экспозиция бөлімін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл бөлім бір мың бес жүзден астам сақтам бірлігін құрайды. Соңғы түсімдер шығармаларының ескере отырып, танымал қазақстандық суретшілер Мария Лизогуб, Павел Зальцман, Бахтияр Табиевтің жаңа жұмыстарын атап айтқанда, ол 190-нан астам кескіндеме және графикалық шығармаларды қамтиды.
Экспозиция өзегі музей қазынасының «алтын қорын» құрайтын туындылар болып табылады. Олар таңбалы суретшілер-алпысыншылар — Салихитдин Айтбаев, Макум Кисамединов, Тоқболат Тоғысбаев, Абдрашит Садыханов, Бахтияр Табиев, Амандос Аканаевтардың жұмыстары. Олардың шығармашылығы қазақстан ұлттық бейнелеу мектебінің негізіне жатқызылып және отандық көркем мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Көрмеге бұрын аз экспокөрсетілімге қойылған кескіндеме және графика туындыларының тоғызы ұсынылып отыр.