Жаңалықтар

Невзоровтар музейінде «Әл-Фарабидің алтын мұрасы»

кітап көрмесі ашылды.

   «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының маңызды бағыты ұлттың мәдени кодын сақтау болып табылады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап көрсетілген Ұлы есімдер арасында әл-Фарабидің есімі бірінші болып аталып тұр. Оның мұрасы әлемдік өркениеттің игілігі болып табылады.

   Әл-Фараби Аристотельден кейін «Екінші мұғалім» деп аталды. Ол өзінен кейін бай ғылыми мұра — білімнің түрлі салаларын қамтитын 200-ге жуық трактаттар қалдырды.

   Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі кітапханасында Шәкәрім атындағы Университетінің кітапханасымен бірлесіп кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрмеге ұлы ғалым туралы зерттеулер, мерзімді басылымдардан мақалалар, Әл-Фараби трактаттары, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдары қойылды.  Жыл кітабы атанған «Ұстаздың оралуы» атты Әнуар Әлімжановтың кітабы ұсынылды. Оқырмандар философтың шығармашылық мұрасымен қызығушылықпен танысты.  Көрмеге  музей және университет кітапханасының қызметкерлері, көркем студияның оқушылары қатысты. Шәкәрім атындағы университетпен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылды. Бірлескен жұмыс туралы естелік ретінде Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейіне Алаш қозғалысының тарихы туралы кітаптар және «Үш  анық» атты Шәкәрімнің шығармасы сыйға тартылды.

   Әл-Фараби есімі әлемдік ғылым мен мәдениет тарихына берік кірді. Оның еңбектері еуропалық қайта жандандыруға үлкен әсер етті және батыс пен Шығыс философияларын жақындастыруға арналған байланыстырушы көпір болды.

   Ортағасырлық Шығыстың ұлы ғалымы мен философы Әл-Фарабидің 1150-жылдығы ЮНЕСКО аясында халықаралық ауқымда кеңінен атап өтіледі