Көрме дәстүрлі түрде ұйымдастырушылармен Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылды. Көрме әр түрлі техника мен жанрда орындалған көрнекті де мерекелік колоритка толы 85 жұмыстардан құралды.  Көрмені ашу салтанатында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры Татьяна Александровна Стромская сөз алды: «Сендердің әдемі көркемсурет жұмыстарың жарық пен түске толы. Әрбір көркемсуреттік жұмыстар – сендердің жан-дүниелеріңнің тазалығымен және көңіл-күйлеріңнің қыр-сырын тікелей жеткізуде. Бірақ-та әлемде көптеген балалар аштық пен зорлық-зомбылық көруде, тіпті соның кесірінен өмірлерінен айрылып жатыр, соны сендер ұмытпауларың керек. Сондықтан сендер осы әдемі әлемді сақтап қалуға өз күштеріңді салып, өз ата-аналарың мен ұстаздарыңды сыйлап, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді бағалай біліңдер. Алдағы уақытта өздеріңді үлкен жол күтіп тұр, сендер соны түсініп әдемілікке және шығармашылық пен үйлесімдікке үйренгендерің дұрыс. Осының барлығы сендердің өмірлеріңе рухани азық болады».

«Залдан залға өтейік» – шақырылған қонақтар, жас суретшілер мен олардың ата-аналары көрмемен танысуларын бастады. Көрмемен танысу Р.Хамзаның қуанышқа және салтанатқа толы «Күнбағыстар» жұмысымен басталды, өзінің кәсіби біліктілігімен таңқалдырған О.Шестакованың «Натюрморты», он төрт жасар Е.Яркимбаеваның қонақтарға арналған «Вазадағы гүлдері», А.Алдашовтың картинасынан сүйкімді әйел-полицай күліп қарап тұр. Қиял әлемін М.Соколова графикалық «Елес» атты жұмысымен ұсынды, «Котофей» жұмысымен бізге бір жымиды. Көрме Я.Шляхованың «Түнгі аты» мен А.Шеризатованың «Қыс» атты жұмыстарымен жалғасты. Жалпы кескіндеме туралы айтып біту мүмкін емес, ол – музыкадан кем түспейтін өнердің ең бір әсерлі түрі. Осы жазғы демалыста балалар мен олардың ата-аналары бұл көрмені өз көздерімен көруге тиіс.

Мереке – қуаныш! Осы қуанышты сіздерге сыйлаған Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы. Салтанат куәгерлері – көрме жұмыстарының жас авторлары «Қармаққа ілу» ойынына қатысып, жұмбақтар мен мақалдар жауабын тауып, қалпақтар киіп мәре-сәре бола, фотосуретке түсіп өздерінің әртістік дарындарын ашты. Студия оқушылары келесі оқу жылына дейін қош айтысты. Бірақ олардың ұстаздары Манат Төребаев пен Наталья Белякина оларды жаңа оқу жылында күтеді, өздерінің дарынды шәкіртеріне арнап олардың көркемсуреттік қабілеттерін дамыту үшін жаңа материалдар мен ғажап әзірлемелер дайындауда. Олар сенімді де қуанышты, өйткені олардың ынтасы мен талпыныстары зая кетпейді. Кезекті шығармашылық көрме осыған дәлел.

Жас суретшілер жазғы демалысқа шықты, бірақ-та мұражай залдарын жарық пен ашық түске бөлеген олардың қылқалам шығармалары қалды. Әлемді өз қолымен әдемілеп бояу дарыны әрқайсымызға беріле бермейтін табиғи қабілет, бірақ осы әдемілікті көріп тамашалау, онымен сүйсінуге әрбіреуміз міндеттіміз.