Леонид Агейкин Харьков көркем-өнеркәсіп институтының станоктық кескіндеме сыныбын бітірген. Өскемен қаласынан құрылыс-жол институтының архитектура факультетінде аға оқытушысы болып жұмыс істеуге шақырту алады. 1967 жылдан бастап кескіндемешінің тағдыры Шығыс Қазақстанмен байланысты болды. Оның көркемсуреттері Шығыс Қазақстан табиғатына арналған, ал кескіндемесінің басты кейіпкерлері ауыл тұрғындары мен еңбек адамдары еді, және де өмірге құштар замандастар.
Л.Агейкиннің картиналарын Өскемен қаласының өнер музейі ұсынып отыр. Көрме аймақтық мұражайлар арасындағы шығармашылық тәжірибе алмасу шеңберінде өткізіліп отыр. Көрмеге 26 көркемдік жұмыстар қойылған. Биыл Л.Агейкиннің туғанына 80 жас болушы еді. Батыс Украинада туып-өскен, бірақ-та біздің Шығыс Қазақстандық жерлесіміз болып кеткен Л.Агейкиннің көрмесі Астана қаласының мерекесі қарсаңында ашылу символикалы мән береді. Семей қаласы, біздің өлке, Қазақстанның жаңа тәуелсіз астанасы – Астана, тарихи эстафетаны жалғастыруда – халық, мәдениет және уақыт арасындағы жалғастырушы желісі болып қалуда.
Суретші Леонид Ефтихеевич Агейкиннің тұлғасы, оның шығармашылық тағдыры, мінез ерекшілігі, кескіндеме мен графикадағы өзіндік таңбасы бар –біртұтас, жарқын, драмалық тұлғаның қыры мен құрамдас бөліктері. Ол өмір сүріп, өзінің студенттерін оқытып, олармен қатынасып ешқандай беделділер мен қоршаған ортаның реакциясына қарамастан, яғни «аптыға» өмір сүрген. Леонид Агейкин және оның жұмыстарымен таныс жақындары ол асыға өмір сүрген деп жазады. Оның картиналарында өмірдің шыр айналған иіріміне су ағыны, жануарлар, бұлттар, таулар келіп құйылған. Оның қылқалам жұмыстарының бірінде көзге байқалған статикасы анықтап қарағанда, кенеттен кенеп бетін билеп алып бәрі қозғалысқа ие болады… . Су бетіндегі күннің батуы – Күн сәулесінің мәңгілік қозғалысының шоуы. .. Қылқалам бояу жаққышпен жазылған гүлдер вазада емес, олар бүкіл қазақстандық Алтай бойынша үлкен құшақ-құшақ болып шашылып жатыр..
Көрермен оның станокты кескіндемесі аса шеберлікпен орындалғанын көре алады. Оның жұмыстары үлкен эмоционалдық әсер қалдырады – музыкаға бағынған. Суретші әрқашан жұмыс істеген уақытында Бах, Чайковский, Шопенді тыңдаған.
Өмірі кенеттен және қайғылы қиылған сәтке дейін ол 2 мыңнан астам картиналар жазып үлгерген. Ежелгі адамдар былай деген – «Letum non оmnia finit» – «Барлығы өліммен аяқталмайды».
Шынында, Леонид Агейкин жарқын із қалдырған, енді уақыттың өзі де оны қуып жетпек ойы бар.
- ????????????????????????????????????