Ұлы Жеңіс күні қарсанында 3 мамыр күні Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайында балалар көркем студиясының «Ұлы Жеңіс балалар көзімен» атты көрме ашылды.

Біздің тарихымыздағы ең қанды соғыс халық үшін төрт жылға созылған ауыр сынақ болды.  Соғысты көрген адамдар саны азайып барады. Жылдар өте оның шынайы көріністері көркем бейнелермен алмасуда. Көп жағдайда өнер адамдарының арқасында келер ұрпаққа соғыс жайлы мағлұмат бере аламыз.

Дәл осы күні мұражай қонақтары карттар үйінің қамқорындағы адамдар, жалғыз басты пенсионерлерге қызмет көрсету орталығының қарауындағы зейнеткерлер болды. Онымен қатар майдан әндерін танымал ардагерлер хоры ұсынды. Қысқа концерттен кейін қонақтар балалар шығармашылығымен танысты.

Бұл көрме жас дарындардың патриоттық көңілдерін ашып, балалардың талантын көрсетті. Көрмеге қатысушылардың әрбіреуі Жеңіс Күні мерекесіне ерекше қарым қатынас білдірді, жақын туыстарының әңгімесі немесе кітаптар мен көркем фильмдер арқылы өз ойларын қағаз немесе кенеп бетінде көрсете білді.

Әр жұмыс өзінше ерекше, бұл әр баланың Ұлы Отан соғысына деген жеке көз-қарасы. Балалар Рейхстагтың құлағанын, әскери техникаларды, өз жақындарына деген  мұң күйзелістерді, Қазақстан тұрғындарының фашистерді жайпауда қатысуын бейнелеген.  Сонымен қатар, соғыссыз әлемді де ұсынған.

Балалар туындыларының мәтіндері сан қилы – ол мұң, жоғалту қайғысы мен жеңіс қуанышы, батырлық пен жеңімпаздың даңқы. Мысалы, жас суретшілер парақтарында соғыстан қайтқан жалғыз ұлын күтіп тұрған қария ана бейнесін, сақшының ауыр қызметін, ұзаққа бір-бірінен ажыраған ғашықтардың тоғысуын көрсеткен.

Жеңіс Күні – бұл бүкіл халықтық мереке. Көп жылдар бойы соғыс ардагерлерінің балалары, немерелері, шөберелері қаланың бас көшелеріне шығып, шерулерді ұйымдастырып, ардагерлерге тағзым етеді.

Студия оқушылары мен мұражай қызметкерлері де Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үлкен алғыс білдіріп, біздің қала тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтайды!

ШҚО Невзровтар отбасы атындағы өнер мұражайының балалар көркем студиясының жетекшісі А.В. Кирсанов.