ЖаңалықтарХабарландыру

Ұлы Жеңіс күні және Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің музейде суретші-график, соғыс ардагері Борис Иванович Французовтың қылқалам жұмыстарының көрмесі ашылды. Бұл жұмыстар Өскемен қаласының өнер музейі қорынан алынды.

Сол сұрапыл шайқастардың қатысушысы, соғыс пен бейбіт өмірдің ауыр жолдарымен өткен Борис Французов көрерменге қарапайым және көз бояушылықсыз сол кезеңдегі адамдар мен ауыртпашылықтар туралы барлық таза шындықты сурет бетінде айқындап жеткізе білген.

Осы көрме – автордың өзіндік ерекше графикалық монологы. Суретшінің есіне жауыңгерлер мен замандастарының бет әлпеттері, қарапайым күнделікті тіршілік сәттері, әскери және бейбіт күндері түседі. Олардың арасында таңбалы туындылар да кездеседі. Олар адамның жан айқайы тәрізді, адам рухы айбынымен және ерлік күшімен бекемделе түскен.

Өнерге деген сүйіспеншілік, сурет салуға деген ынта оның барлық өмірінің негізгі мәні болды. Негізінде, осылар оны, бірінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жұмысшының ұлын, Мәскеуге әкеледі. Осы жерде ол БОККО бейне студиясының үш жылдық курсын бітіреді. Осы өнерге деген құштарлығы зауытта слесарь-моторшы және Қызыл әскер қатарында көлік жүргізушісі болып жұмыс істегенде, оның еңбек күндерін әрлендірген. Бәлкім, осы өнерге деген сүйіспеншілігі оған майдан алаңында тірі қалуға, өз-өзін жоғалтпауға, қайғы мен жоқтыққа қарсы тұруға күш-жігер берген болар.

Соғыстан кейін Борис Иванович туған қаласы Өскеменге оралады. Соғыс пен ауыр жарақат оған сол күйі жоғары көркем білімді алуға мүмкіндік бермеді, бірақ сүйікті ісімен айналысуға кедергі бола алмады. Оның сүйікті өнер түрі — графика, ал сүйікті тақырыбы – өмір шындығы болды.

Көрмеге 30-ға жуық жұмыстар қойылған. Осы көрме музейдің кезекті көрмелік іс–шарасы ғана емес, ол жастарға тарихи-патриоттық тәрбие беретін маңызы аса зор оқиға. Суретші ерлігінің мысалы, сол соғыста қаза болған біздің аталарымыздың ерлігі туралы әңгімелер, олар қазіргі бейбітшілік өмірдің құнды екені туралы бізге ой салады. Осы көрменің алғашқы көрермендері ретінде   әскери қызметкерлер, «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейінің курсанттары, және музейдің балалар көркем студиясының оқушылары болғандары кездейсоқ емес.