Жаңалықтар

Қайырлы күн музейіміздің сүйікті жас достары! Өздеріңізбен сағына қайта қауышып отырмыз! Балаларға базарлық айдарының бүгінгі шығарылымы да өте ерекше, ол біздің сүйікті хайуанаттар жайлы болмақ. Бүгін осы достарымызбен жақынырақ танысамыз және олардың көркемсурет саласында алатын орыны жайында сөз қозғаймыз.

Осы тақырыпқа тікелей қатысы бар суретшілердің бірі Евгений Иванович Чарушинның шығармашылығымен толық танысамыз. Оның тек суретші ғана емес балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы, мүсінші, иллюстратор болғандығын және автор бүкіл шығармашылығын анималистика жанрына арнағандығы жайлы мағлұмат аламыз.
Фарфор шығаратын Ресейдің Император зауытымен танысамыз. Қаламыздағы биологиялық орталыққа http://biodetcenter.kz/ барып жануарлар жайлы экскурсия тыңдаймыз. Тұзды қамыр техникасында жануарлардың шағын мүсіндерін жасаған шығармашылық сабағымызды назарларыңызға ұсынамыз.