Полимерлік саздан жасалынған әшекейлер әйел сөмкелерінде жиі кездесетін болып жүр. Бижутерияларды пластик материалынан дайындау қызықтырақ болып келеді. Оны пештің ішіне салып қыздырып, қатайтып, пішінін сақтауға болады. Полимерлік сазды әшекейлер қыздырғанда сапалы өнер туындысына айналады. Н. Г. Чернышевский атындағы №1 мектепте филигрань техникасында алқа жасау мастер-классын ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер мұражайының қызметкері О. Б. Феденева өткізді.
Филигрань техникасы дегеніміз, полимерлік саздан жасалған ұзын тілімшелерді айқастырып, өріп, шеңберлеп, және т.б. түрлерінде кішкентай элементтер жасау. Бұнда жас шеберлер арнайы алдын ала дайындалған оюларды полимермен әсемдеді.
Әшекейлерді түйреуішке жабыстырып брошь дайындап, сөмке, белбеу, киімдер мен шаштарды сәндеуге болады. Бұйымдарды жасау тәртіптері әр түрлі. Кез келген адам сиқыршы бола алады, тек кішкене қиялды туындату керек!