Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі қорынан
«Өмірім барыммен баянды» көрме
Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесіне арналған Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі натюрморттар көрмесін ашып отыр.
Көктем мерекесі әйел бейнесімен тығыз байланысты. Барлық уақытта ол мейірімділік, махаббат, нәзіктік және жайлылық символы болып табылады. Болмашы нәрселерден тұратын жайлылық: үстел үстіңдегі шілтерлі дастархандардан және фарфор ыдысындағы хош иісті шайдан, жаңа гүл шоғырынан және жаңа піскен тоқаштардың хош иісінен — біздің тұрмысымыздың әр бөлігінен құралады. Бұл жайлы әйел әлемі және өз шығармашылығымен күнделікті өмірде әдемі көріністі байқап, бақыт табуды шақыратын суретшілердің жұмыстарында ұсынылған. Авторлары — КСРО, Ресей, Эстония және Қазақстанның әйел-суретшілері. Олардың арасында О.Кужеленко, Т.Шишмарева, А.Галимбаева, М.Лизогуб сияқты аға шеберлер, сонымен қатар біздің замандастарымыз С. Шереметьева мен З. Чукитаева бар. Көрмеге ұсынылған жиырмадан астам жұмыс кескіндеме және графика техникаларында орындалған.
Ерекше жылулық, ақпейілділік, күн шуақтылық, болмашы нәрселер мен бөлшектерге көңіл бөліп қарау натюрморттарға назар аудартады. Оны шын мәнінде осы жанрдағы голландтық термин — «Stilleben» — тыныш өмір деп айтқымыз келеді.
Суретші ханымдар өзінің шығармашылығымен күнделікті өмірде әдемі болуды және бақыт табуды шақырады.