Жұма күні Семей шаһарында тағы бір маңызды іс- шара өтілді. Бұл мәдениет пен қала тұрғындары арасындағы байланыс еді.
Невзоровтар отбасылық мұражайының ұжымы М.О.Әуезов атындағы алаңда тосыннан қызықты кеш ұйымдастырды. Қала тұрғындары мен қонақтарын мұражайға шақыру мақсатында өтілген шара, жас- кәріні бір марқайтып тастады. Саксофоннан әуелеген ырғақты әуенмен, қағаз және асфальт бетіне балалардың жадыраған жаздың салтанатын салған суреттері, көгілдір аспанның бетінде күннің қызара батуы, суретшінің түрлі- түсті бояуындай халыққа ғажайып күй сыйлап, тамаша әсерге бөледі. Мұражай қабырғасында өткізіліп жатқан көрме авторы Павлодарлық суретші Ғалым Қаржасовтың тамаша туындыларының бірі “Шашу” атты картинасына пазл құрастырылды. Сондай ақ арқаннан секіру, твистер сияқты тағыда басқа ойындарға тек қана балалар ғана емес үлкендерде қатысып, бір сергіп қалды. Фотосурет жасауға арналған әр түрлі көрнекі құралдарды қолдана отырып, тамаша кешті ұзақ есте сақтау үшін мұражай фотосуретшісі де аянып қалмады. Риза болған халық қаламызға осындай тегін, шығармашыл, тәрбиелік маңызы зор кештердің қажет екендігін айтып тарқасты.