Жаңалықтар

Мерекелік дата – Қазақ хандығының 550-жылдығын – мұражай қала тұрғындарының назарын тартатын дәстүрлі «Қазақ қолөнері мерекесі» үшінші аймақтық фестивалі жобасымен атап өтеді. Осы жолғы  фестиваль облыстың танымал шеберлері мен қолөнершілерін, сондай-ақ әр түрлі қолданбалы өнер түрлерімен айналысатын әуесқойшыларды жинады. Бізді жыл сайын қатысушылар саны көбеюі қуантады.

Ұйымдастырушылардың алдына қойған мақсаттары – қазақ қолданбалы өнерінің  үлгілерінде талғам тәрбиелеу, оған жаңаша көзқарас ояту, жақын ауылдар мен қала шеберлерін қолдау. Жоба ұзақ мерзімді, келешекке ойластырылған.  Үш жыл бойы біз аймақ шеберлерін қолдап келеміз, көрмеге қойылған бұйымдардың көркемдік және сапалы деңгейін,  қазақтың сәндік-қолданбалы өнері түрлерінің әр алуандығын көрсетуге тырысамыз.  Біз фестивалдің дамуын жалғастырамыз, жыл сайын облыстағы сәндік-қолданбалы өнерінің жағдайын қадағалаймыз.

2015 жылы осы мерекенің басты оқиғасы мұражай экспозиция залдарында ашылатын қолданбалы өнер әуесқойлары және шеберлердің бұйымдар  көрмесі. Олардың өміріндегі  бір дерек болып есте қалатын басты оқиға Невзоровтар мұражайындағы көрмеге қатысу. Мұражай өз  міндетіне облыс шеберлері туралы мәліметтер жинақтап және бірыңғай каталог шығаруды алып отыр, оны жыл сайын жаңа есімдермен толықтырады.

Бұдан басқа, осы жылғы бағдарламада қазақ қолданбалы өнері коллекциясын жиюшы, сәндік-қолданбалы өнерге жетік зергер, Қазақстан шегінен тысқары танымал шебер, Сержан Башировтың көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің ашылуында зергерлік бұйымдардың дефилесі өтті, Серали Мұхаметсадықовтың   жанды орындауында шаңқобыз әуенімен авторлық әшекейлерді тағынған  модельдер жүріп өтті. С.Башировпен  қаланың ЖОО-ның,  колледждердің шығармашылық мамандығы бойынша студенттерімен, және хэнд-мейд шеберлерімен кездесу өткізілді.  Танымал шебердің шығармашылығымен экспозицияның арнайы залдарында танысуға болады.

Мерекелік бағдарламада көрме және дефиледен басқа М.Төлеубаев атындағы музыкалық колледж студенттерімен орындалған қазақ халық әуендерінің концерті өткізілді.  Көрермендер «Тоғыз құмалақ» ойының үйренді. Мұражай залдарында кішкентай көрермендер үшін қазақ ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

Көрмеге қатысушыларының ең үздіктеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.  Бұл сыйлықтарды ШҚО БҰҰДБ-сы ұсынды.

Көрме жеңімпаздары:«Дәстүрді ұстанушы» номинациясында – Бакытгүл Ақан, «Жаңартушылық» номинациясында – Аяжан Қайырханқызы,  «Еңбекті көп қажет ету және күрделігі» номинациясында – Кайнижамал Куламашинова, «Кәсіпқойлығы үшін» номинациясында – Сакен Назархан, «Ерекшелігі үшін» Фарида Өмірбаева матапатталды.

Біздің ойымызша осындай кездесулер көрермендердің ақпараттық білімін ұлғайтады, ізденіс тудырады. Біз осындай акциялар жергілікті шеберлердің мүмкіндігін арттырады және ата-баба салт-дәстүріне қызығушылық оятады деген үміттеміз.