2013 жылдың 26 шілдесінде Семей қаласы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында дәстүрге айналған «Мұражайдағы жазғы кеш» шарасы өткізілді.
Кештің тақырыбы «Қатерлі де айрықша 20-шы жылдар», қала тұрғындары мен қонақтарына сол өткен алыс жылдарына енуге көмектесті. Көрермендер сол замандағы музыкаларды тыңдап, видеоларын көріп, 20-шы жылдардағы керемет кино актерлары жайлы біліп, сол кезеңнің билерін тамашалап, өздерін де биші ретінде сынай алды. Спорттық-би клубы «Grace», В. Син авторлық өлеңдерімен, акустикалық музыка, поэтикалық-аспаптар дуэті «Дихабе» (бард-рок), студия «Alpha Dance», «AlphaMarino» студиясының орындаушыларынан, «Оптимистер әндері» рок-топтарынан лирикалық рок – осы орындаушылардың музыкалық би номерлері әр бір көрерменге ұнап, жанына үн қосты.
Мұражай қызметкерлерімен ұсынылған бұл тек бастапқы сыйлықтар болды. Макияж және сәнді шаш бойынша, шебер-класстар шынайы уақытта 20-шы жылдардағы әйел бейнесін көруге мүмкіндіктер туғызды. Қалаушы көрермен шебер-классқа модель ретінде қатысып, сол кейіптерге еніп қана қоймай, жеңімпаз өнер мұражайының ішінде тегін фотосессияға қатыса алды.
Мұражай алдында әр түрлі әзіл ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды, мұражай алдындағы саябақта шеберлер қалашығы орналасып, халық қол өнерін сүйетіндер өздеріне немесе достарына кәде сыйларын сатып ала алды. Сонымен қоса, қызығушыларға шеберлермен сабын, әшекей жасау, портрет салу және т.б. шебер-класстары өткізілді.
Ұйымдастырушылар келушілерге барлық жағдайды ойластырып дайындады. Кештің соңында барлық келген қонақтар, қала тұрғындары мұражай қызметкерлері мен ұйымдастырушыларғы алғыстарын білдіріп, «Тілектер қабырғасына» өз алған әсерлерін жазды.