30-31 мамыр күндері қаламызда Мәскеулік коллекционер Ю.В. Невзоровтың 100 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шаралар өткізілді.1988 жылы Невзоровтар отбасы Семей қаласы мұражайына орыс және кеңес живописі мен графикасының 563 туындыларын сыйға тартты. Невзоровтар коллекциясы мұражайдың «бет бейнесі» болып негізделді.Осыған орай мұражайда « Мұражай қызметіндегі меценат ролі» атты Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Бұл конференцияға Ресей және Қазақстанның өнертанушылары мен мұражай қызметкерлері қатысты.Конференцияны өнертанушы, Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мұражай директоры Т.А. Стромская ашты.Невзоровтар отбасы тарихы және коллекционердің жеке өмірі мен шығармашылығы туралы Мәскеу Мемлекеттік тарихи мұражайдың аға ғылыми қызметкері Н.М. Полунина баяндама жасады.Философия кандидаты, М. Врубель атындағы Омбы облыстық бейнелеу өнері мұражайының аға ғылыми қызметкері И.А. Гольский және Омбы қаласының №1 көркемөнер мектебі директоры, РФ суретшілер одағы мүшесі, Невзоровтар отбасы мұражайының алғашқы қорғаушы В.В. Тимофеев өз зерттеулерін ұсынды.Сонымен қатар Ә. Қастеев атындағы Республикалық мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері К.И.Резникова, облысьық тарихи- өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Г.А Кущ, Мемлекеттік Абай мұражайының ғылыми қызметкері А.Н. Ибрагимова, облыстық Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалды мұражайдың бөлім жетекшілері Т.Г. Титаева, И.А. Соловьева, Невзоровтар отбасы атындағы мұражайдың ғылыми қызметкерлері И.А. Халитова, Г.К. Буркитова, А.А.Щевцова, О.О. Рубинчик баяндама жасады. Ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлері мерейтойға орай орыс және мемлекеттік тілде 500 дана болып басылған «Невзоровтар отбасы сыйы» деген ғылыми каталог дайындады. Каталог иллюстрацияланған. Каталогтың тұсаукесері мұражайдың конференц- залында өтті .Жаңа басылымды көрермендерге ғылыми және көрме жұмыстары бойынша директордың орынбасары С.Р. Киляоглова таныстырды. Конференция жұмысына белгілі мемлекет қайраткері, Қазақстанның алғашқы шетел министрі Төлеутай Сүлейменов қатысты.Мұражай қызметкерлері жұмысына көңілі толғанының белгісі ретінде әйгілі тайқазанның кішкентай көшірмесін сыйға тартты. Ю.В. Невзоровтың мерейтойына арналған салтанатты жиын Абай атындағы театрда жалғасты.Осы мерекемен қала тұрғандарын құттықтауға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев келді. Облыс әкімі құттықтау сөзінде былай деді: «Юрий Владимирович Невзоров бейбіт уақытта нағыз ерлік жасаған. Өзінің тамаша шығармалары арқылы болашақ ұрпаққа рухани тәрбие көрсеткен. Ресей мемлекетімен достығымыз ата-бабамыздаң бері келе жатыр. Сол достықтың тамыры тереңге жайылып жатыр.Достығымыз одан да мықты, берік болу үшін қазіргі ұрпағымыз да көп еңбек етуі керек». Мерекеге арнайы суретшінің қызы Юлия Юльевна Невзорова, немерелері Вера және Людмила келді. «Біздің отбасылық коллекциямыз үшін Семей қаласын дұрыс таңдағанымызға бүгін тағы да көзім жетті. Қазақстан-адамгершілігі мол, рухани бай халықтың отаны. Біздің коллекцияміз арқылы жер бетінде мейірім мен қуаныш арта берсін». Салтанатты жиын классикалық және ұлттық музыка концертімен аяқталды.