Жаңалықтар

«Шебер кескіндеменің кеңістігінде болу жаныңа үлкен рақат пен бақыт сыйлайды. Өнерге деген сүйіспеншілігіне және мұражайдың қайталанбас тамаша көңіл күй сыйлағандығы үшін, көп алғыс! Бақытқа бөлендім».

Мұражайдың алғыс кітабына Ресейдің еңбегі сіңген әртісі, атақты хордың жетекшісі, Михаил Турецкий осылай деп жазды. Бұл күні қаламыздың орталық алаңында өздерінің тамаша концерттерін берген еді.

Семей қаласының әкімі Ермак Салимовпен бірге ол Қазақстандық, шетелдік және орыс суретшілерінің экспозициясын, Қазақстандық танымал қолөнер шеберінің, Фаберже кавалер орденінің иегері Аман Мукажановтың шығармашылығына тәнті болды.