Қызметкердің көп жылдық жұмысы танылғаны — бүкіл ұжым үшін әрқашан жағымды және қуанышты оқиға. Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Облыстық Кәсіподақтар комитеті атынан, бас маман, Оразбекова Гүлнар Бағдәулетқызы музейдің үш зал қараушысын, Атымтаева Айжан Кенжебекқызы, Гребенщикова Светлана Фёдоровна және Скарбич Елена Юрьевнаны алғыс хаттармен атап өтті.
Айжан Кенжебекқызы Атымтаева музейде 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Ол өз қызметіне барынша мұқият қарайтын, әрқашан қонақтарды күлімсіреп қарса алатын жан. Ал, Светлана Фёдоровна Гребенщикова – музей қараушысы қызметін 1994 жылдан бастап атқарып келе жатыр. Светлана Фёдоровна өзінің өмірлік және кәсіби мол тәжірибесімен жас қызметкерлермен бөлісіп, үнемі қол ұшын беріп, көмектесіп, бағыттап отырады. Елена Юрьевна Скарбич, облыстық кәсіподақтар комитетінің марапатын алған ең жас музей қараушысы. Оның жарқын темпераменті мен көңілді көңіл-күйі әрқашан қасындағы жақын адамдарға, жаңа күнге жағымды әсерге бөлейді.
Біз әріптестеріміз үшін қуаныштымыз және оларды марапаттарымен құттықтаймыз. Музейге деген сүйіспеншілігіңіз бен адалдығыңыз үшін рақмет!