Жаңалықтар

   Міне, балалар шығармашылығының «Менің Абайым» көрме-конкурсының қорытындысы шығарылды!

Бірнеше айлық карантин мен өзін-өзі оқшаулау жағдайында музейдің әдеттегі іс-шаралары  ұзақ уақытқа созылды.  Осындай жағдай ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған көрме-конкурсымызда да орын алды. Конкурстың  өзі маусым айында онлайн режимінде өткізілді, сол кезде жеңімпаздар да анықталған. Ал қазір кейбір шектеу шаралары жеңілдетілген соң, біз көрме ұйымдастырып, марапаттау рәсімін өткізіп отырмыз.

Сыйлықтар өздерінің жас авторларын тапты. Қазылар алқасы 73 конкурстық жұмыстарының ішінен 20 үздік жұмыстарды іріктеп алды. Байқау жеңімпаздарына  дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.  Әр түрлі  жас  санатындағы балаларға ынталандыру ретінде әлемнің үздік суретшілері мен музейлері туралы түрлі кітаптар топтамалары берілді. Марапаттау рәсімін музей қызметкерлері барлық санитарлық нормалар мен сақтық шараларын сақтай отырып, өткізді.

Өз жұмыстарында жас таланттар конкурс ережелерімен белгіленген  түрлі тақырыптарды аша білді. Олардың ішіндегі ең танымалы ақынның бейнесі болды. Көптеген балалар оны қолында кітаппен, жан-жақты ойлы көзқараспен немесе табиғат туралы ой толғау мен өлең жазу үстінде суреттеген.  Ал конкурсқа қатысушы Амренова Алсу сүйікті әжесі Зереге өзінің өлеңдерін оқыған жас Абайды бейнелеген. Сондай-ақ «Абай жерінде» тақырыбы да танымал болды. Көптеген балалар шығармаларында шексіз дала кеңістігі, таулар, өзендер, бейбіт ауылдарды суреттеп бейнелеген. Көбінесе пейзаж жануарлармен, жылқы бейнесімен толықтырылған, мысалы, Нұрдан Құралай, Мұхамедова Айлана, Төлеубек Әмина, Бектұрова Балжан, Лаврова Елизавета, Қайратқызы Алуаның жұмыстарында.

Абайдың шығармаларына арналған иллюстрациялар «даналық беттеріндегі» тақырыбында ашылды.  Конкурсқа қатысушылар ақынның «Қара сөздері» және оның көптеген поэтикалық шығармаларын суреттеді.

Конкурсқа  қатысушылар түрлі техникада жұмыс істей алатындықтарын көрсетті. Көптеген жұмыстар кәдімгі кескіндеме мен графикадан басқа да  қолданбалы өнер түрлерінде орындалған.  Макарондар мен жармалардан жасалған коллаж техникасындағы Ташкеева Динараның жұмысы және үйеңкі тұқымынан жасалған Кузнецова Любовьтің  жасаған Абай портреті ерекше көзге ілінді.  Танабек Ғазиза гобеленнің күрделі және ауыр техникасында өз шеберлігін көрсетті. Сондай-ақ, Кантаева Дайананың жұмысы да ерекше бағаланды  — қатысушы қоласты материалдардан Абай үйінің макетін жасаған.

Барлық балалар өте өнерлі шеберлер екен! Жарайсыңдар!

Музей  балаларға қатысқандары үшін алғыс айтады, шығармашылық табыс тілейді және жаңа кездесулерді  күтеді!