Жаңалықтар

Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы және өмірдің жаңа циклінің басталуы.

16 наурызда Невзоровтар музейінің балалар көркемсурет студиясы оқушыларының «Көктем әуені» атты шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Көктем мезгілінде табиғат жаңарып, айнала шуаққа бөленіп, тіршілік өзгеше реңкке боялады. Музейдің жас суретшілері жаңа шыққан көгалды, сарқырап, жүгіре жарысқан бұлақтарды, қызғалдаққа толы алқаптарды, күн сәулесіне бөленген алғашқы бәйшешектерді суреттеп көрсетті. Жастар әткеншек тебіп, мерекелік дастархан әр түрлі кондитерлік өнімдермен және басқа да тағамдарға толып, айналаның бәрі гүлдене түсті. Студия оқушылары бұл сюжеттерді қарындаштармен және бояулармен ғана емес, сонымен қатар елуге жуық жұмыстарды сәндік-қолданбалы өнер техникасында орындады. Олардың көпшілігі дәстүрлі ұлттық: киіз басу, гобелен, шым ши тоқу техникасында жасалған. Экспозиция төрінен киізден, моншақтардан, жүннен және былғарыдан жасалған аксессуарлар орын тапты.

Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз және «Көктем әуені» көрмесіне шақырамыз!